Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 390 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 тамызда № 5038 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 153 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 17.04.2015 № 153 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Мемлекеттiк мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 191 "Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеуді бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4773 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 маусымда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      қаржы басқармасы" ММ басшысы
      ___________ С. Аймұхамбетова
 

Әкімдіктің      
2014 жылғы 5 тамыздағы 
№ 390 қаулысымен    
бекітілген       

Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары

      Облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің 1 шаршы метрiн пайдалану үшiн жылдық жалдау ақысының базалық мөлшерлемесi 1 айлық есептік көрсеткiштi құрайды.
      1. Мемлекеттік тұрғын емес қор объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) арналған жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формула бойынша есептеледi:
      Жа = Бм *К1 2 3 *S, мұндағы:
      Жа – мемлекеттік тұрғын емес қор объектісінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Бм - базалық мөлшерлеме;
      К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
      К2 - объектiнiң Қостанай қаласында орналасқан жерiн есепке алатын коэффициент;
      К3 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
      S - жалдауға алынған үй-жайдың ауданы (шаршы метр).
      Объектiнің аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент:

Аумақтық аймақ

К1

Қостанай қаласы, Лисаковск қаласы, Рудный қаласы, Арқалық қаласы

2,3

Облыстың аудандары

1,6

      Объектiнiң Қостанай қаласында орналасқан жерiн есепке алатын коэффициент:

Объектiнiң Қостанай қаласында орналасқан жерi

К2

Қайырбеков-Темiрбаев (вокзал маңы аумағын қосқанда), Павлов-Шевченко көшелерiнiң шекараларындағы орталық

2

Қаланың басқа аудандары (қаланың құрамды бөліктерін қоспағанда)

1

Қаланың құрамды бөліктері (Амангелдi, Геофизик, Дружба, Қонай, Жылы жай, Ударник тұрғын үй алаптары)

0,9

      Құрылыс түрiн есепке алатын коэффициент:

Құрылыс түрi

К3

Жеке тұрған

1

Қосымша салынған

1

Жартылай жертөле

0,85

Жертөле

0,70

Қоймалық

0,60

      2. Құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды мүлiктiк жалдау (жалға алу) үшiн жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формула бойынша анықталады:
      Жн = АТ + (БҚ*ҚМ), мұндағы:
      Жн - құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      АТ – 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 120-бабымен анықталған амортизацияның шектелген нормаларына сәйкес амортизациондық төлемдердiң сомасы;
      БҚ - баланстық құны;
      ҚМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі.
      3. Жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын (сағаттар бойынша) объектiнi жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формулалар бойынша есептеледi:
      облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор үшiн:
      Ж = S* Бм *К123/ЖУ*N, мұндағы:
      Ж - жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын объектінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      S - ауданы (шаршы метр);
      Бм - базалық мөлшерлеме;
      К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
      К2 - объектiнiң Қостанай қаласында орналасқан жерiн есепке алатын коэффициент;
      К3 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
      ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
      N - жылдық сағат саны;
      құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа да пайдаланылмайтын заттар үшiн: Ж= (Жн/ЖУ)*N, мұндағы:
      Ж – құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа да пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Жн – құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды жалдау (жалға алу) үшiн жылдық жалдау ақысы;
      ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
      N - жылдық сағат саны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады