Об утверждении правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в городе Алматы

Решение XXXI-й сессии маслихата города Алматы V-го созыва от 10 сентября 2014 года N 263. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 16 октября 2014 года N 1091. Утратило силу решением маслихата города Алматы от 30 сентября 2022 года N 174

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Алматы от 30.09.2022 N 174 (вводится в действие с 1 января 2023 года).

      В соответствии с пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", маслихат города Алматы V-го созыва РЕШИЛ:

      1. Утвердить правила отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в городе Алматы, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Аппарату маслихата города Алматы обеспечить размещение настоящего решения на интернет-ресурсе.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии по вопросам градостроительства, благоустройства и коммунальной собственности маслихата города Алматы Шин Б.С. и заместителя акима города Алматы Шорманова Е.А. (по согласованию).

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель XXXI-й сессии
маслихата города Алматы
V-го созыва
Х. Есенова
      Секретарь маслихата города
Алматы V-го созыва
Т. Мукашев

      Согласовано:
Заместитель акима
города Алматы
Е. Шорманов

      Руководитель
Управления предпринимательства,
индустриально-инновационного развития
и сельского хозяйства города Алматы
А. Балова

      Руководитель департамента
внутренних дел города Алматы
С. Кудебаев

      Руководитель Территориальной
инспекции Комитета ветеринарного
контроля и надзор
Министерства сельского хозяйства
Республики Казахстан
по городу Алматы
Ж. Каспанов

      Исполняющий обязанности Руководителя
Департамента по защите прав
потребителей города Алматы
Агентства Республики Казахстан
по защите прав потребителей
Е. Дурумбетов

      Руководитель юридического отдела
аппарата акима города Алматы
А. Касымова

  Утверждены
решением XXХI-ой сессии
маслихата города Алматы
V-го созыва
от 10 сентября 2014 года № 263

Правила отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в городе Алматы
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в городе Алматы (далее - Правила) определяют порядок отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории города Алматы.

      2. Отлов, временное содержание, транспортировку и уничтожение бродячих собак и кошек осуществляет коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Центр ветеринарии города Алматы" Управления сельского хозяйства города Алматы (далее - Предприятие).

      Сноска. Пункт 2 - в редакции решения маслихата города Алматы от 07.12.2015 № 386 ((вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Настоящие Правила устанавливают требования (ветеринарные, санитарно-гигиенические, технические) к работам по отлову бродячих собак и кошек, а также транспортировке их в изолятор временного содержания до выяснения их принадлежности. Не востребованные бродячие собаки и кошки подлежат уничтожению.

      4. Правила разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии".

      Сноска. Пункт 4 - в редакции решения маслихата города Алматы от 07.12.2015 № 386 ((вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Порядок отлова бродячих собак и кошек

      5. Отлов осуществляется с целью снижения численности бродячих собак и кошек, способами, исключающими причинение вреда здоровью граждан, их имуществу, имуществу юридических лиц, окружающей среде.

      6. Отлов бродячих собак и кошек осуществляется работниками Предприятия. Во время проведения отлова, работникам Предприятия не допускается присвоение отловленных собак и кошек или же передавать их другим лицам.

      7. Отлову подлежат бродячие собаки и кошки, находящиеся в общественных местах (улицах, дворовых территориях, парках, скверах) без сопровождающих лиц, кроме оставленных владельцами на привязи у предприятий и учреждений.

      8. Предприятие укомплектовано оборудованием и средствами для осуществления деятельности по отлову, усыплению и транспортировке отловленных бродячих собак и кошек.

      9. Предприятие обеспечивает работников по отлову индивидуальными средствами защиты, проводит инструктаж, выдает им удостоверения на право отлова бродячих собак и кошек, которые предъявляются по требованию граждан.

      10. К работе по отлову бродячих собак и кошек допускаются лица, прошедшие медицинское обследование, получившие профилактические прививки против бешенства, не состоящие на учете в психоневрологическом и наркологическом диспансерах.

      11. Отловленные бродячие собаки и кошки доставляются в изолятор временного содержания Предприятия.

      12. Информация об отловленных бродячих собаках и кошках размещается на интернет-ресурсе Управления сельского хозяйства города Алматы.

      Сноска. Пункт 12 - в редакции решения маслихата города Алматы от 07.12.2015 № 386 ((вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

3. Правила содержания бродячих собак и кошек в изоляторе временного содержания

      13. В изоляторе временного содержания проводится клинический осмотр, регистрация отловленных собак и кошек. В специальные журналы вносятся сведения следующего содержания: вид животного, пол, окрас, особые приметы, наличие отличительных знаков.

      14. Отловленные бродячие собаки и кошки размещаются в металлические клетки.

      15. За отловленными собаками и кошками осуществляется необходимый уход и кормление.

4. Транспортировка бродячих собак и кошек в изолятор

      16. Транспортировка отловленных бродячих собак и кошек должна осуществляться на технически исправном, специально оборудованном металлическими клетками автотранспорте (далее - спецавтотранспорт), со специальной символикой и телефонным номером Предприятия.

      17. Спецавтотранспорт оснащен всеми необходимыми средствами и приспособлениями для проведения отлова бродячих собак и кошек и подбора их трупов.

      18. Транспортировка отловленных бродячих собак и кошек производится методами, исключающими нанесение увечий или иного вреда их здоровью.

5. Порядок уничтожения бродячих собак и кошек

      19. Не востребованные собаки и кошки подлежат умерщвлению медикаментозным путем, препаратами, не запрещенными законодательством Республики Казахстан.

      20. Утилизация трупов собак и кошек осуществляется на скотомогильнике (биотермических ямах).

      21. Не допускается выбрасывание трупов (останков) собак и кошек и их несанкционированное захоронение вне скотомогильника. В случае падежа трупы (останки) собак и кошек граждане передают в Предприятие для утилизации. Вывоз трупов павших собак и кошек проводится бесплатно.

6. Ответственность за нарушение настоящих Правил

      22. Лица, виновные в нарушении настоящих Правил, несут ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Алматы қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы

Алматы қаласы мәслихатының V сайланған ХХXІ сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 263 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 қазанда N 1091 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 174 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 30.09.2022 № 174 (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-2 тармағына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары бекітілсін.

      2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қалақұрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б..Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа (келісім бойынша) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XXXI
сессиясының төрайымы
Х. Есенова
      V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Мұқашев

      Келісілді:

      Алматы қаласы әкімінің
орынбасары
Е. Шорманов

      Алматы қаласы Кәсіпкерлік,
индустриалды-инновациялық
даму және ауыл шаруашылығы
басқармасының басшысы
А. Балова

      Алматы қаласы
Ішкі істер департаментінің
басшысы
С. Күдебаев

      Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Алматы
қаласы бойынша Аумақтық
инспекциясының басшысы
Ж. Қаспанов

      Қазақстан Республикасы
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
агенттігінің Алматы қаласы
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаменті басшысының
міндетін атқарушы
Е. Дүрімбетов

      Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің басшысы
А. Қасымова

  V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының
XXXI сессиясының 2014 жылғы
10 қыркүйектегі № 263 шешімімен
бекітілді

Алматы қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Алматы қаласындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаудың және жоюдың осы қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Алматы қаласының аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаудың және жоюдың тәртібін анықтайды.

      2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды, уақытша ұстауды, тасымалдауды және жоюды Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы қаласының ветеринариялық орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жана редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 07.12.2015 № 386 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы Қағида қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, сондай-ақ олардың кімге тиесілі екені анықталғанға дейін уақытша ұстау оқшаулағышына тасымалдау бойынша жұмыстарының талаптарын (ветеринариялық, санитариялық-гигиеналық, техникалық) белгілейді. Сұрауы жоқ қаңғыбас иттер мен мысықтар жоюға жатады.

      4. Қағида "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексіне, "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 4-тармақ жана редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 07.12.2015 № 386 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау тәртібі

      5. Аулау азаматтардың денсаулығына, олардың мүлігіне, заңды тұлғалардың мүлігіне, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін әдістермен қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын төмендету мақсатында жүзеге асырылады.

      6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды Кәсіпорын қызметкерлері жүзеге асырылады. Аулау жүргізу барысында Кәсіпорынның қызметкерлеріне ауланған иттер мен мысықтарды иеленуге немесе оларды басқа тұлғаларға беруге рұқсат етілмейді.

      7. Аулауға иесі кәсіпорындар мен мекеменің жанында байлауда қалдырып кеткен иттер мен мысықтардан басқа, қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, шағын бақтарда және басқа да орындарда) иесіз жүрген қаңғыбас иттер мен мысықтар жатады.

      8. Кәсіпорын қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, оларды ұйықтату және ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдау бойынша қызметін жүзеге асыру үшін жабдықтармен және құралдармен жасақталған болуы тиіс.

      9. Кәсіпорын қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулайтын қызметкерлерді жекелеген қорғау құралдарымен қамтамасыз етеді, оларға түсіндіру жұмысын жүргізеді, азаматтардың талаптары бойынша қөрсететін қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау құқығының куәлігін береді.

      10. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысына медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы алдын алу екпелерін алған, психоневрология және наркология диспансерлерінің есебінде тұрмайтын тұлғалар жіберіледі.

      11. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар уақытша ұстау оқшаулағышына жеткізіледі.

      12. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар туралы ақпарат Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 12-тармақ жана редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 07.12.2015 № 386 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстау оқшаулағышында ұстау қағидасы

      13. Уақытша ұстау оқшаулағышында клиникалық тексеру, ауланған иттер мен мысықтарды тіркеу жүргізіледі. Арнайы журналдарға келесі мазмұндағы мәліметтер енгізіледі: жануардың түрі, жынысы, түсі, ерекше белгілері, айырмашылық белгілерінің болуы.

      14. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар металл торларға орналастырылады.

      15. Ауланған иттер мен мысықтарға қажетінше күтім жасау және оларды тамақтандыру жүзеге асырылады.

4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды оқшаулағышқа тасымалдау

      16. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдау техникалық жөнделген, Кәсіпорынның арнайы символикасы және телефон нөмірі бар металл торлармен арнайы жабдықталған автокөлікте (бұдан әрі – Арнайы автокөлік) жүзеге асырылуы тиіс.

      17. Арнайы автокөлік қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және олардың өлекселерін жинауды жүргізуге арналған барлық қажетті құралдармен және құрылғылармен жабдықталған болуы тиіс.

      18. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдау олардың мертігуін болдырмайтын немесе денсаулығына басқа да зиян келтірмейтін әдістермен жүргізіледі.

5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою тәртібі

      19. Сұрауы жоқ қаңғыбас иттер мен мысықтарды Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен, дәрілік жолмен ұйықтатуға жатады.

      20. Иттер мен мысықтардың өлекселерін жою мал қорымында жүзеге асырылады (биотермиялық шұңқыр).

      21. Иттер мен мысықтардың өлекселерін (қалдықтарын) тастауға және оларды мал қорымынан тыс жерлерге рұқсатсыз көмуге рұқсат етілмейді. Өлген жағдайда иттер мен мысықтардың өлекселері (қалдықтары) оларды жою үшін аулау бойынша ұйымға берілуі тиіс. Өлген иттер мен мысықтардың өлекселерін шығару тегін жүргізіледі.

6. Осы қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік

      22. Осы қағиданы бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықты болады