Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХІ сессиясының "Алматы қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 263 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1091 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 қазанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларының:
2 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды, уақытша ұстауды, тасымалдауды және жоюды Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы қаласының ветеринариялық орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) жүзеге асырады.";
4 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"4. Қағида "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексіне, "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.";
12 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"12. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар туралы ақпарат Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының интернет-ресурсында орналастырылады.".
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қалақұрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке (келісім бойынша) жүктелсін.
4. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V сайланған Алматы қаласы мәслихаты XLVІ сессиясының төрағасы |
А. Котенев |
V сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы |
Қ. Қазанбаев |