Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий и оптимальные сроки сева приоритетных сельскохозяйственных культур в 2014 году в городе Петропавловске

Постановление акимата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 15 мая 2014 года N 796. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 27 мая 2014 года N 2804

     Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 29.08.2014 N 1593.
      В соответствии с пунктом 12 Правил субсидирования из местных бюджетов на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221 «Об утверждение Правил субсидирования из местных бюджетов на повышение урожайности и качества продукции растениеводства» акимат города Петропавловска Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить сроки предоставления заявки на включение в список получателей субсидий и оптимальные сроки сева приоритетных сельскохозяйственных культур в 2014 году в городе Петропавловске, согласно приложению.
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Нурмукановой З.Т.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким городаТ. Закарьянов

 Приложение
к постановлению акимата
города Петропавловска от
15 мая 2014 года № 796

Сроки предоставления заявки на включение в список получателей субсидий и оптимальные сроки сева приоритетных сельскохозяйственных культур в 2014 году в городе Петропавловске


Наименования культурСроки предоставления заявкиСроки сева
1Огурцы
1 культурооборот
До 16 мая 2014 года20.01.2014 года - 30.03.2014 года
2КартофельДо 20 июля 2014 года15.05.2014 года - 31.05.2014 года
3МорковьДо 20 июля 2014 года10.05.2014 года - 20.05.2014 года
4СвеклаДо 20 июля 2014 года25.05.2014 года - 05.06.2014 года
5Рассада капустыДо 20 июля 2014 года25.05.2014 года - 15.06.2014 года
6Огурцы
2 культурооборот
До 20 сентября 2014 года01.09.2014 года - 31.12.2014 года

      

Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін және Петропавл қаласында 2014 жылы басым ауыл шаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 15 мамырдағы N 796 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 мамырда N 2804 болып тіркелді

     Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 29.08.2014 N 1593 қаулысымен.
      «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдері және Петропавл қаласында 2014 жылы басым ауыл шаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері анықталсын, қосымшаға сай.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары З.Т. Нұрмұқановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкіміТ. Закариянов

 Петропавл қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 15 мамырдағы
№ 796 қаулысына
қосымша

2014 жылы Петропавл қаласында субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінім беру мерзімдері және басым ауыл шаруашылық өсімдіктерін егудің оңтайлы мерзімдері


Өсімдік атауыӨтінім беру мерзімдеріЕгу мерзімдері
1Қияр
1 дақыл алмасуы
2014 жылғы 16 мамырға дейін20.01.2014 жыл - 30.03.2014 жыл
2Картоп2014 жылғы 20 шілдеге дейін15.05.2014 жыл-31.05.2014 жыл
3Сәбіз2014 жылғы 20 шілдеге дейін10.05.2014 жыл - 20.05.2014 жыл
4Қызылша 2014 жылғы 20 шілдеге дейін25.05.2014 жыл - 05.06.2014 жыл
5Орамжапырақ көшеті2014 жылғы 20 шілдеге дейін25.05.2014 жыл - 15.06.2014 жыл
6Қияр
2 дақыл алмасуы
2014 жылғы 20 қыркүйекке дейін01.09.2014 жыл - 31.12.2014 жыл