«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдері және Петропавл қаласында 2014 жылы басым ауыл шаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері анықталсын, қосымшаға сай.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары З.Т. Нұрмұқановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Т. Закариянов |
Петропавл қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 796 қаулысына қосымша |
2014 жылы Петропавл қаласында субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінім беру мерзімдері және басым ауыл шаруашылық өсімдіктерін егудің оңтайлы мерзімдері
№ | Өсімдік атауы | Өтінім беру мерзімдері | Егу мерзімдері |
1 | Қияр 1 дақыл алмасуы | 2014 жылғы 16 мамырға дейін | 20.01.2014 жыл - 30.03.2014 жыл |
2 | Картоп | 2014 жылғы 20 шілдеге дейін | 15.05.2014 жыл-31.05.2014 жыл |
3 | Сәбіз | 2014 жылғы 20 шілдеге дейін | 10.05.2014 жыл - 20.05.2014 жыл |
4 | Қызылша | 2014 жылғы 20 шілдеге дейін | 25.05.2014 жыл - 05.06.2014 жыл |
5 | Орамжапырақ көшеті | 2014 жылғы 20 шілдеге дейін | 25.05.2014 жыл - 15.06.2014 жыл |
6 | Қияр 2 дақыл алмасуы | 2014 жылғы 20 қыркүйекке дейін | 01.09.2014 жыл - 31.12.2014 жыл |