О внесении изменения в постановление акимата Отырарского района от 11 февраля 2014 года № 108 "Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2014 году"

Постановление акимата Отрарского района Южно-Казахстанской области от 30 июня 2014 года № 455. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 21 июля 2014 года № 2721. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо аппарата акима Отрарского района Южно-Казахстанской области от 16 января 2015 года № 231)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо аппарата акима Отрарского района Южно-Казахстанской области от 16.01.2015 № 231).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 20 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения» и постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2014 год № 170 «О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года № 836 «О мерах по реализации Закона Респулики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», акимат Отырарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Отырарского района от 11 февраля 2014 года № 108 «Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2014 году» (зарегистровано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2536, опубликовано 20 февраля 2014 года в газете «Отырар алкабы») следующее изменение:
      пункт 2 изложить в следующее редакции:
      «2. Оплата труда безработных, участвующих в общественных работах, регулируется в соответствии с законодательством Республики Казахстан на основании трудового договора и зависит от количества, качества и сложности выполняемой работы.».
      2. Исполнение настоящего постановления возложить на отдел занятости и социальных программ Отырарского района /К.К.Кизбай/.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Б.Ибадуллаева.
      4. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.
      
      Аким района                                С.Полатов

Отырар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № 108 "2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 455 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 шілдеде № 2721 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімі аппаратының 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 231 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімі аппаратының 16.01.2015 № 231 хатымен).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 170 қаулысына сәйкес, Отырар ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Отырар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № 108 «2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2536 тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпанда «Отырар алқабы» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.».
      2. Осы қаулының орындалуын жүзеге асыру Отырар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне /Қ.Қ.Кизбай/ жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Ибадуллаевқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С.Полатов