О внесении изменений и дополнений в решение Отырарского районного маслихата от 16 августа 2013 года № 17/103-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Отрарского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 19 декабря 2014 года № 33/189-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 23 января 2015 года № 2973. Утратило силу решением Отрарского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 11 июля 2016 года № 3/19-VI

      Сноска. Утратило силу решением Отрарского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 11.07.2016 № 3/19-VI (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, пункта 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Отырарский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Отырарского районного маслихата от 16 августа 2013 года № 17/103-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2378, опубликовано 27 сентября 2013 года в газете "Отырар алкабы") следующие изменения и дополнения:
      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:
      пункт 7 подпункт 1) изложить в следующей редакции:
      "1) к 8 марта "Международный женский день" - женщинам участникам и женщинам, трудившимся в тылу Великой Отечественной войны, многодетным матерям, единовременно, в размере до 2 месячных расчетных показателей;
      1-1) 21-23 марта (Наурыз мейрамы) - Семьи погибших военнослужащих, а именно:
      семьи военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия, единовременно в размере 5 кратного месячного расчетного показателя;
      семьи военнослужащих погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время, единовременно в размере 2 кратного месячного расчетного показателя;
      2) 7 мая "День защитника Отечества" - военнообязанные, призывавшиеся на учебные сборы и направлявшиеся в Афганистан в период ведения боевых действий, единовременно, в размере 5 месячных расчетных показателей;
      3) к 9 мая "День победы Великой Отечественной войны" - участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, их вдовам, единовременно, в размере 100 месячных расчетных показателей, а также в виде предметов потребления дополнительно в размере 10 месячных расчетных показателей;
      приравненным к участникам Великой Отечественной войны и труженникам тыла единовременно, в размере до 5 месячных расчетных показателей;
      4) к 1 июня "День защиты детей" - детям-инвалидам обучающимся и воспитывающимся на дому, единовременно, в размере 3 месячного расчетного показателя;
      5) ко Дню престарелых и инвалидов – престарелым, инвалидам единовременно, в размере 2 месячного расчетного показателя;
      6) детям инвалидам на новогоднюю елку, единовременно, в размере 2 месячного расчетного показателя.".
      подпункт 6) пункта 9 изложить в следующей редакции:
      "6) семьям, заразившихся вирусом иммунодефицита человека, ежемесячно в размере до 22 месячных расчетных показателей;";
      пункт 9 дополнить подпунктом 9):
      ";9) одиноким пенсионерам и инвалидам в размере до 100 месячных расчетных показателей.".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии
      районного маслихата М. Белгібай
      Секретарь районного маслихата Б. Зулпыхаров

Отырар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 тамыздағы 17/103-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 33/189-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қаңтарда № 2973 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 шілдедегі № 3/19-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 11.07.2016 № 3/19-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Отырар аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Отырар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 тамыздағы 17/103-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2378 нөмірімен тiркелген, 2013 жылғы 27 қыркүйектегі "Отырар алқабы" газетiнде жарияланған) шешiмiне келесі өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген шешiмімен бекiтiлген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
      7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1) 8 наурыз "Халықаралық әйелдер күніне" орай – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тылда еңбек еткен ардагер әйелдеріне, көп балалы аналарға, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      1-1) 21-23 наурызда (Наурыз мейрамы) - Қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасылары, атап айтқанда:
      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) "7 мамыр "Отан қорғаушы күні" - жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) 9 мамыр "Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне" орай - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, олардың жесірлеріне, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және қосымша тұтыну заттары түрінде 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан Соғысына қатысушыларына теңестірілген және тыл еңбеккерлеріне, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) 1 маусым "Балаларды қорғау күніне" орай – үйде оқып және тәрбиеленетін мүгедек балаларға, біржолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) қарттар мен мүгедектер күніне орай – қарттарға, мүгедектерге біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) жаңа жылдық шыршаға мүгедек балаларға біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
      9-тармақтың 6) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "6) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған азаматтары бар отбасыларына ай сайын 22 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне дейін;";
      9-тармақ, 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне дейін.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы М.Белгібай
      Аудандық мәслихат хатшысы Б.Зұлпыхаров