О предоставлении в 2014 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Созакского района

Решение Созакского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 24 июня 2014 года № 189. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 17 июля 2014 года № 2712. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо Созакского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 23 февраля 2015 года № 64)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо Созакского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 23.02.2015 № 64).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      
      Сноска. Заголовок решения - в редакции решения Созакского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 29.09.2014 № 202 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).    

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 2 Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 и заявлением акима района, Созакский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. С учетом потребности в специалистах сфер здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Созакского района предоставить в 2014 году подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю и социальную поддержку для приобретения или строительства жилья в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя на одного специалиста.
      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Созакского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 29.09.2014 № 202 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Бюджетный кредит на приобретение или строительство жилья для специалистов предоставляется сроком на пятнадцать лет: ставка вознаграждения по кредиту устанавливается в размере 0,01 % годовых от суммы кредита.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования. 
      
      Председатель очередной XХХІІ
      сессии Созакского районного маслихата      М.Турысбеков
      
      Секретарь Cозакского
      районного маслихата                        М.Исаев

Созақ ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2014 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымдағы № 189 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 шілдеде № 2712 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 64 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 23.02.2015 № 64 хатымен).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 29.09.2014 № 202 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына және аудан әкімінің мәлімдемесіне сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Созақ ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына қажеттілікті ескере отырып, 2014 жылы бір маманға жетпіс еселік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық көрсеткіштен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 29.09.2014 № 202 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі: кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасының жылдық 0,01,% -ы мөлшерінде белгіленеді.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Созақ аудандық мәслихатының
      кезекті ХХХІI сессиясының төрағасы         М.Тұрысбеков
      
      Созақ аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        М.Исаев