Созақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымдағы № 189 "Созақ ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 202 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 қазанда № 2843 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 2 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 05.01.2015 № 2 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2014 жылғы 12 ақпандағы № 80 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 837 қаулысына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Созақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымдағы № 189 «Созақ ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2712 тіркелген, 2014 жылғы 30 шілдеде «Созақ үні» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Созақ ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2014 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы»;
      шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Созақ ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына қажеттілікті ескере отырып, 2014 жылы бір маманға жетпіс еселік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық көрсеткіштен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау ұсынылсын.».
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      ХХХV сессиясының төрағасы                  Ғ.Жүсіп

      Аудандық мәслихат хатшысы                  М.Исаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады