Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Постановление Уланского районного акимата Восточно-Казахстанской области от 11 мая 2014 года № 564. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 05 июня 2014 года № 3369. Утратило силу - постановлением Уланского районного акимата Восточно-Казахстанской области от 08 февраля 2016 года № 38

      Сноска. Утратило силу - постановлением Уланского районного акимата Восточно-Казахстанской области от 08.02.2016 № 38.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктом 14-3) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 5-5) и 5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", в целях социальной защиты лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций, испытывающих трудности в поиске работы, для обеспечения их занятости, акимат Уланского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере одного процента от общей численности рабочих мест.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Нугманова С.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Уланского района А. Садыков

      

Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 564 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 маусымда № 3369 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 08 ақпандағы № 38 қаулысымен

      
      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 08.02.2016 № 38 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиындықтары бар қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Нугмановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ұлан ауданының әкімі А. Садыков