Ұлан ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 564 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы N 38 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 564 "Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3369 тіркеліп, 2014 жылғы 11 шілдеде № 55 (7775) "Ұлан таңы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Мамырбаеваға жүктелсін.
      Ұлан ауданының әкімі Д. Батырбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады