О внесении изменений в решение Урджарского районного маслихата от 21 декабря 2012 года № 9-78/V "О социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах"

Решение Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 15 апреля 2014 года № 24-251/V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 14 мая 2014 года № 3324. Утратило силу - решением Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 16 ноября 2018 года № 34-353/VI

      Сноска. Утратило силу - решением Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 16.11.2018 № 34-353/VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Урджарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Урджарского районного маслихата от 21 декабря 2012 года № 9-78/V "О социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 2816, опубликовано в газете "Уақыт тынысы/Пульс времени" от 31 января 2013 года в номере 11) следующие изменения:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "Предоставить специалистам государственных организаций социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах, социальную помощь на приобретение топлива в размере 9300 (девять тысяч триста) тенге;";

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "Специалистам государственных организаций здравоохранения проживающим и работающим в сельских населенных пунктах, размер социальной помощи на приобретение топлива установлен решением Восточно-Казахстанского областного маслихата".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

Председатель сессии,


секретарь Урджарского


районного маслихата

М. Бытымбаев


"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-78/V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 24-251/V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 мамырда № 3324 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 қарашадағы № 34-353/VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 16.11.2018 № 34-353/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабы 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы" 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №9-78/V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2816 нөмірімен тіркелген, "Уақыт тынысы/Пульс времени" газетінің 2013 жылдың 31 қаңтарында 11 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға 9300 (тоғыз мың үш жүз) теңге мөлшерiнде әлеуметтiк көмек берілсін;";

      2 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттiк денсаулық сақтау мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек мөлшері Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген".

      2. Осы шешім олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,

 

Үржар аудандық

 

мәслихатының хатшысы

М. Бітімбаев