Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 10.10.2018 № 23/268-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 182 бабының 3 тармағының 2) тармақшасы негізінде және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды бюджет қаражаты есебінен 18 000 (он сегіз мың) теңге мөлшерінде өтеу белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 06.10.2017 № 14/164-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Әлеуметтік көмек туралы" 2005 жылғы 15 наурыздағы № 10/146-III (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 2231 тіркелген, 2005 жылғы 16 сәуірдегі № 38-39 "Дидар", 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 51 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е. Нұрбаев |
Шығыс Қазақстан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | В. Ахаев |