О внесении дополнений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 4 мая 2014 года № 99 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача архивных справок"

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 28 октября 2014 года № 281. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 17 ноября 2014 года № 3689. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 16 июля 2015 года № 175

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 16.07.2015 № 175 ( вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», от 15 апреля 2013 года «О государственных услугах» и в соответствии с приказом Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 14 августа 2013 года № 249 «Об утверждении Правил по разработке стандартов и регламентов государственных услуг» акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 4 мая 2014 года № 99 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача архивных справок» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3563, опубликованное 3 июля 2014 года в газетах «Орал өңірі» и «Приуралье») следующие дополнения:
      1) регламент государственной услуги «Выдача архивных справок», утвержденный указанным постановлением, дополнить пунктом 14 следующего содержания:
      «14. Подробное описание последовательности процедур (действий), взаимодействий структурных подразделений (сотрудников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги, отражается в справочнике бизнес-процессов оказания государственной услуги согласно приложению 5 к настоящему регламенту.»;
      2) регламент государственной услуги «Выдача архивных справок» утвержденный указанным постановлением, дополнить приложением 5 согласно приложению данного постановления.
      2. Государственному учреждению «Управление культуры, архивов и документации Западно-Казахстанской области» (Д. А. Кусайнов) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе «Әділет» и в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Западно-Казахстанской области Макен Б. М
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
 
 

      Исполняющий обязанности
      акима области

С. Шапкенов


Приложение
к постановлению акимата
Западно-Казахстанской области
от 28 октября 2014 года № 281
Приложение 5
к регламенту
государственной услуги
«Выдача архивных справок»

Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги
«Выдача архивных справок»


 
 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 99 "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 281 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 қарашада № 3689 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 175 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 16.07.2015 № 175 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 99 «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3563 тіркелген, 2014 жылғы 3 шілдеде «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) аталған қаулымен бекітілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
      «14. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары) мен өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 5-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
      2) аталған қаулымен бекітілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
      2. «Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Д. А. Құсайынов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. М. Мәкенге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы

С. Шапкенов


2014 жылғы 28 қазандағы № 281
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына
қосымша
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
5-қосымша

«Мұрағаттық анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы