Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 853 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Авиациялық қауіпсіздік" кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К.Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интернет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
Министрдің
|
|
міндетін атқарушы
|
Ж.Қасымбек
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму минитрі
_______________Т.Дүйсенова
2015 жыл 13 наурыз
|
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекітілген |
"Авиациялық қауіпсіздік"
кәсіптік стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Авиациялық қауіпсіздік" кәсіптік стандарты оқыту бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, қызметкерлер мен білім беру мекемелерінің түлектеріне сертификаттар беруге, персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге арналған.
2. Осы кәсіпітік стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) азаматтық авиация - "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 6-бабы 3-тармағымен қарастырылған мақсаттарда қолданылатын, эксперименттік және мемлекеттік авиация құрамына енбейтін авиация;
2) әуе кемесі–жер (су) бетiнен шағылысатын ауамен өзара әрекеттi жоққа шығара отырып, ауамен өзара әрекет есебiнен атмосферада ұсталатын аппарат;
3) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайындық деңгейі;
4) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа болуы, жауапкершілігі және дербестігі бойынша сараланатын қызметкерлер құзыреттілігіне және дайындық деңгейіне қатысты талаптар жиынтығы;
5) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты әрекеттер жинағы;
6) кәсіп – адамның еңбек қызметінде белгілі білім мен практикалық дағдыны талап ететін, арнайы даярлық нәтижесінде алынған және білімі туралы тиісті құжаттармен расталған негізгі қызмет түрі;
7) кәсіби кіші топ – еңбек функцияларының тұтастай жиынтығынан қалыптасқан және құзыреттілікті орындау үшін қажетті кәсіптер жиынтығы;
8) кәсіптік стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік, құзыреттілік, мазмұн, сапа және еңбек жағдайлары деңгейлеріне қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт;
9) кәсіби топ – ортақ интеграциялық негізі бар кәсіби кіші топтар жиынтығы (ұқсас немесе жақын тағайындаулар, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) және оларды орындау үшін еңбек функциялары мен құзыреттіліктерінің болжамды ұқсас жиыны;
10) салалық біліктіліктің шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық сипаттау;
11) негізгі топ – өндірілетін өнімнің, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби дағдылардың ортақтығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:
1) АА – азаматтық авиация;
2) БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы;
3) БА – басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;
4) КС – кәсіптік стандарт;
5) СБШ – салалық біліктілік шеңбері;
6) ИКАО(ICAO) – халықаралық азаматтық авиация ұйымы.
2. Кәсіптік стандарт төлқұжаты
3. Кәсіптік стандарттың атауы: "Авиациялық қауіпсіздік"
4. Кәсіптік стандартты әзірлеудің мақсаты: оқыту бағдарламаларын, оның ішінде құрамды кәсіпорындарда оқыту бағдарламаларын қалыптастыру, қызметкерлер мен білім беру мекемелерінің түлектеріне сертификаттар беру, персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу.
5. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: Әуежай қызметінде авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
6. Негізгі топ: әуе көлігі.
Кәсіби топ: әуежайлар қызметтері.
3. Кәсіптер карточкалары
7. Кәсіп атауы - авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы – СБШ бойынша 4 біліктілік деңгейі.
Кәсіптер карточкасы осы Кәсіптік стандарттың қосымшасында беріледі.
|
"Авиациялық қауіпсіздік" кәсіптік стандартына қосымша |
"Авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы"
КӘСІБИ КАРТОЧКА
|
Кәсібінің коды
|
3152
|
Кәсібінің атауы
|
Авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы
|
СБШ бойынша біліктілігінің деңгейі
|
4
|
БА бойынша біліктілік деңгейі
|
3
|
Кәсіби білім деңгейі
|
Орта (техникалық және кәсіби) немесе жоғары (бакалавриат) білімі.
Азаматтық авиация саласында өкілетті органмен сертификатталған немесе ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның оқу орталықтарында авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерін даярлау жөніндегі бағдарламаға сәйкес арнайы пәндер.
|
Еңбек функциясы
|
1) Тексеріп қарауды жүргізу
|
2) Азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау
|
3) Тексеріп қарауды және авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзу жағдайларын құжаттамалық рәсімдеу
|
1-еңбек кітапшасы Қайта қараулар жүргізу
|
Білімі және дағдылары:
1. Техникалық құралдарды: портативті (қолмен) және алып жүретін, стационарлық метал іздегіштерді, рентген-телевизиялық құрылғыларды, жарылғыш заттарды анықтауға арналған жабдықтарды (жарылғыш заттар буларының детекторлары пайдалану) пайдалану.
2. Жүктер мен қол жүктерін қолмен тексеру әдісін меңгеру, техникалық тұрмыстық заттармен және қарап тексеру кезінде жабдықтармен жұмыс істей алуы және әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынған заттарды жасыру тәсілдерін анықтау.
3. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп тасымалдауға тыйым салынған заттарды тексеріп қарау, алып қою және рәсімдеу.
|
Білімі:
1. Стресс жағдайларында адамның іс-қимылы психологиясы және стрессті жағдайларға дене реакциясы негіздері, багаждар мен қол жүктеріне тексеру жүргізу кезінде жолаушыларды сұрау және бақылау әдістері.
2. Ішкі және халықаралық рейстерде жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидалары, технологиялық графиктер мен жұмыс технологиясы, тасымалдау құжаттамасының негізгі нысандары және оларды толтыру қағидасы.
3. Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздігі бағдарламасы, лауазымдық нұсқаулық.
4. Азаматтық авиация ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің құрылымы, қызметінің бағыты және өзара іс-қимыл тәртібі, әуежайдың бақылау аймақтарының орналасу схемасы, жедел жариялауды ұйымдастыру және авациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде байланыс құралдарын пайдалану.
5. Барлық негізгі ғимараттар мен қызметтердің орналасуы, әуежайға тән ерекшеліктер, оның ішінде бақыланатын аймақ пен әуежайдың тыйым салынған аймақтары арасындағы шекарасы, сондай-ақ қол жетімділік және оларды жылжыту тәртібі.
6. Ақпарат түскен және АА қызметіне заңсыз араласу немесе олардың салдарын жою кезінде, оның ішінде авиациялық оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың туындауы кезінде іс-әрекет тәртібі және мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібі.
7. Аса маңызды ұшуларды қамтамасыз ету кезінде құқық қорғау органдарымен және мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібі.
8. Халықаралық азаматттық авиация туралы конвенцияға 9, 17-19 - қосымшалар.
9. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының "Авиациялық қауіпсіздік" 14-тарауы.
10. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы;
11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану ережелері. 12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 205 ҚБПҮ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздік ережелері.
13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 436 ҚБПҮ қаулысымен бекітілген Авиациялық қауіпсіздіктің сақталу сапасына бақылау жүргізу ережелері.
14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 5109 қаулысымен бекітілген әуе көлігімен тасымалданушы оларға қатысты тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымдық тұлғаларының арнайы тізімдемесі.
15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 317 қаулысымен бекітілген жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынатын қауіпті заттектер мен заттардың, сонымен қатар есірткі түрлерінің тізімдемесі.
16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 973 ҚБПҮ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық (бағдарлама).
17. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағы 41-51)-тармақшаларына сәйкес әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы типтік ереже
18. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағы 41-54)-тармақшаларына сәйкес әуе кеңістігін пайдалану және және авиация қызметі бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Әуе кемелерін ұшу алды және арнайы тексеру ережелері
19. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағы 41-55)-тармақшаларына сәйкес әуе кеңістігін пайдалану және және авиация қызметі бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандарының лауазымдары, сонымен қатар бұндай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарының тізімдемесі.
20. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағы 41-60)-тармақшаларына сәйкес әуе кеңістігін пайдалану және және авиация қызметі аясында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметімен тексерулер ұйымдастыру бойынша сертификаттық талаптар.
21. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі м.а. 2014 жылғы 3 маусымдағы № 347 бұйрығымен бекітілген Авиациялық қауіпсіздік және ұшулар қауіпсіздігінің мәселелері бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік қызметтерін, лауазымдық тұлғаларын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы (№ 9543 Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген)
|
2-еңбек функциясы
Азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау
|
Білімі және дағдылары:
1. Азаматтық авиация ғимараттары мен құрылыстарын күзету.
2. Әуе кемелерін күзету.
3. Әуе қозғалысын басқару объектілерін, аэронавигациялық құралдарды және ұшуды радиотехникалық, метеорологиялық қамтамасыз ету құралдарын күзету.
4. Әуежайды және әуежаймен іргелес қоғамдық пайдалану аумақтарын күзету.
5. Әуежайдағы бақыланатын аймақтың қорғалуын қамтамасыз ету және осы аймақтардың шартты мәні, өткізу және объектішілік режимдер.
6. Өткізу және ішкі объектілік режимдердің сақталуын қамтамасыз ету.
7. Өткізу және ішкі объектілік режимдерінің бұзылу жағдайларын тергеу және оны бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану туралы ұсыныстар дайындау немесе оларды ішкі істер органдарына апару.
8. Әуежайды қоршау жүйесінің техникалық жай-күйін, күзет бекеттерінің жабдықтарын, күзет жабдықтарын, күзеттің техникалық құралдарын тексеру және жедел қадағалау, бақылау-өткізу бекеттерімен жарақтандыру.
9. Қоғамдық тәртіпті бұзу туралы, сондай-ақ төтенше жағдайлардың туындауы туралы құқық қорғау органдарын хабардар ету.
10. Оқ ату және оқтардың, материалдық құралдардың сақталуын қамтамасыз ету.
11. Бөлімше қызметкерлерінің ату жаттығуына қатысуы.
13. Әуежайды және әуе кемесін күзетудің жай-күйі туралы материалдарды, өткізу және ішкі объектілік режимдерді талдау.
13. Әуежайда авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар беру.
|
Білімі:
1. Халықаралық азаматттық авиация туралы конвенцияға 9, 17-19-қосымшалар.
2. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының "Авиациялық қауіпсіздік" 14-тарауы.
3. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы;
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану ережелері.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 205 ҚБПҮ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздік ережелері.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 436 ҚБПҮ қаулысымен бекітілген Авиациялық қауіпсіздіктің сақталу сапасына бақылау жүргізу ережелері.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 5109 қаулысымен бекітілген әуе көлігімен тасымалданушы оларға қатысты тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымдық тұлғаларының арнайы тізімдемесі.
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 317 қаулысымен бекітілген жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынатын қауіпті заттектер мен заттардың, сонымен қатар есірткі түрлерінің тізімдемесі.
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 973 ҚБПҮ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық (бағдарлама).
10. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағы 41-51)-тармақшаларына сәйкес әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы типтік ереже
11. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағы 41-54)-тармақшаларына сәйкес әуе кеңістігін пайдалану және және авиация қызметі бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Әуе кемелерін ұшу алды және арнайы тексеру ережелері
12. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағы 41-55)-тармақшаларына сәйкес әуе кеңістігін пайдалану және және авиация қызметі бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандарының лауазымдары, сонымен қатар бұндай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарының тізімдемесі.
13. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағы 41-60)-тармақшаларына сәйкес әуе кеңістігін пайдалану және және авиация қызметі аясында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметімен тексерулер ұйымдастыру бойынша сертификаттық талаптар.
14. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі м.а. 2014 жылғы 3 маусымдағы № 347 бұйрығымен бекітілген Авиациялық қауіпсіздік және ұшулар қауіпсіздігінің мәселелері бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік қызметтерін, лауазымдық тұлғаларын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы (№ 9543 Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген)
|
3-еңбек функциясы.
Қарап тексеруді және авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзу жағдайларын құжаттамалық рәсімдеу
|
Білімі және дағдылары:
Белгіленген құжаттамалар мен есептілікті жүргізу
|
Білімі:
1. Халықаралық азаматттық авиация туралы конвенцияға 9, 17-19-қосымшалар.
2. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының "Авиациялық қауіпсіздік" 14-тарауы.
3. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы;
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану ережелері.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 205 ҚБПҮ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздік ережелері.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 436 ҚБПҮ қаулысымен бекітілген Авиациялық қауіпсіздіктің сақталу сапасына бақылау жүргізу ережелері.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 5109 қаулысымен бекітілген әуе көлігімен тасымалданушы оларға қатысты тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымдық тұлғаларының арнайы тізімдемесі.
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 317 қаулысымен бекітілген жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынатын қауіпті заттектер мен заттардың, сонымен қатар есірткі түрлерінің тізімдемесі.
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 973 ҚБПҮ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық (бағдарлама).
10. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14- бабы 1- тармағы 41-51)-тармақшаларына сәйкес әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы типтік ереже
11. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14- бабы 1- тармағы 41-54)-тармақшаларына сәйкес әуе кеңістігін пайдалану және және авиация қызметі бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Әуе кемелерін ұшу алды және арнайы тексеру ережелері
12. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14- бабы 1- тармағы 41-55)-тармақшаларына сәйкес әуе кеңістігін пайдалану және және авиация қызметі бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандарының лауазымдары, сонымен қатар бұндай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарының тізімдемесі.
13. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14- бабы 1- тармағы 41-60)-тармақшаларына сәйкес әуе кеңістігін пайдалану және және авиация қызметі аясында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметімен тексерулер ұйымдастыру бойынша сертификаттық талаптар.
14. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі м.а. 2014 жылғы 3 маусымдағы № 347 бұйрығымен бекітілген Авиациялық қауіпсіздік және ұшулар қауіпсіздігінің мәселелері бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік қызметтерін, лауазымдық тұлғаларын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы (№ 9543 Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген)
|
Тұлғалық құзыреттілікке қойылатын талаптар
|
Тұлғааралық құзыреттілік.
Нәтиже мен тиімділікке бағдарлануы.
Жүйелі және сыни ойлау.
Өзін-өзі реттеу.
|
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс
|
3152
|
Түрлі салаларда қауіпсіздік жөніндегі маман
|
Кәсіби стандарттың техникалық деректері
|
Әзірлеген
|
"Astana School of Business and Technology" ЖШС
|
Нұсқасының нөмірі және шығарылған жылы
|
1-нұсқа, 2014 жыл
|
Қайта қараудың болжамды күні
|
2017
|