Об утверждении Правил допуска организаций гражданской авиации Республики Казахстан к применению авиационных стандартов международных организаций в сфере гражданской авиации

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 306. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 апреля 2015 года № 10823. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 ноября 2018 года № 803.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 16.11.2018 № 803 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 41-34) пункта 1 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 15 июля 2010 года "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила допуска организаций гражданской авиации Республики Казахстан к применению авиационных стандартов международных организаций в сфере гражданской авиации.

      2. Комитету гражданской авиации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Сейдахметов Б.К.) обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Исекешев


  Утверждены
приказом Министра по инвестициям
и развитию Республики Казахстан
от 20 марта 2015 года № 306

Правила допуска организаций гражданской авиации
Республики Казахстан к применению авиационных стандартов международных организаций в сфере гражданской авиации
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила допуска организаций гражданской авиации Республики Казахстан к применению авиационных стандартов международных организаций в сфере гражданской авиации (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 15 июля 2010 года "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации" и определяют порядок допуска организаций гражданской авиации Республики Казахстан к применению авиационных стандартов международных организаций в сфере гражданской авиации.

      2. Правила не распространяются на воздушные суда государственной и экспериментальной авиации.

      3. На территории Республики Казахстан применяются авиационные стандарты международных организаций в сфере гражданской авиации, определяемые уполномоченным органом в сфере гражданской авиации (далее – уполномоченный орган).

      Заявленным авиационным стандартом является авиационный стандарт международной организации в сфере гражданской авиации, заявленный организацией гражданской авиации.

2. Порядок допуска организаций гражданской авиации Республики Казахстан к применению авиационных стандартов международных организаций в сфере гражданской авиации

      4. Для допуска к применению заявленных авиационных стандартов организация гражданской авиации (далее – заявитель) направляет в уполномоченный орган заявление в произвольной форме.

      К заявлению прилагаются следующие документы:

      1) копия сертификата эксплуатанта гражданских воздушных судов (свидетельство на право выполнения полетов или авиационных работ) или копия сертификата организации по техническому обслуживанию и ремонту техники гражданской авиации;

      2) копии документов по эксплуатации воздушных судов, зарегистрированных в государстве, в котором применяются заявленные авиационные стандарты, и которое обеспечивает контроль за поддержанием летной годности (для заявителя, являющегося эксплуатантом гражданских воздушных судов);

      3) копия описания организационной структуры, отвечающей заявленным авиационным стандартам;

      4) копии результатов оценки аудита на соответствие к применению заявленных авиационных стандартов, проведенного независимой международной аудиторской организацией;

      5) копии документов по поддержанию летной годности и (или) выполнению технического обслуживания воздушных судов в соответствии с требованиями заявленных авиационных стандартов;

      6) руководства по:

      производству полетов;

      процедурам организации технического обслуживания воздушных судов и ремонту авиационной техники эксплуатанта, предусматривающего также инспектирование (контроль) летной эксплуатации, технического состояния и оборудования;

      проведению подготовки авиационного персонала в соответствии с заявленными авиационными стандартами;

      7) копии документов по системе управления безопасностью полетов;

      8) копии документов по системе контроля качества.

      Все вышеуказанные копии документов заверяются подписью и печатью заявителя.

      5. Основанием для допуска к применению заявленных авиационных стандартов является решение уполномоченного органа, принимаемое в срок не более тридцати календарных дней.

      6. При положительном решении уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о допуске к применению заявленных авиационных стандартов, который не ограничивается по времени действия.

      7. Отказ в выдаче допуска производится в случаях, если:

      1) представленные заявителем документы не соответствуют требованиям пункта 4 Правил;

      2) услуги (виды работ), оказываемые заявителем, не соответствуют требованиям заявленных к применению авиационных стандартов.

      8. При отказе в выдаче допуска к применению заявленных авиационных стандартов заявителю дается мотивированный ответ в письменном виде с указанием причин отказа.

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 306 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 сәуірде № 10823 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 803 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 16.11.2018 № 803 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға оның көшірмелерін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағын 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республиканың


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 306 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық
авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық
стандарттарын қолдануға рұқсат беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға рұқсат беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар мемлекеттік және эксперименттік авиацияның әуе кемелеріне қолданылмайды.

      3. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайтын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттары қолданылады.

      Азаматтық авиация ұйымы мәлімдеген азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымның авиациялық стандарты мәлімделген авиациялық стандарт болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын
азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық
стандарттарын қолдануға рұқсат беру тәртібі

      4. Мәлімделген авиациялық стандарттарды қолдануға рұқсат беру үшін азаматтық авиация ұйымдары (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органға еркін нысандағы өтініш жібереді.

      Өтінішке мынадай құжаттар:

      1) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының көшірмесі (ұшуды орындау немесе авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік) немесе азаматтық авиация техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйым сертификатының көшірмесі;

      2) мәлімделген авиациялық стандарттар қолданылатын және ұшу жарамдылығының ұсталуын бақылауды қамтамасыз ететін мемлекетте тіркелген әуе кемелерін пайдалану жөніндегі (азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы болып табылатын өтініш беруші үшін) құжаттар көшірмелері;

      3) мәлімделген авиациялық стандарттарға жауап беретін ұйымдық құрылым сипаттамасының көшірмесі;

      4) халықаралық тәуелсіз аудиторлық ұйым жүргізген мәлімделген авиациялық стандарттарды қолданудың сәйкестігіне аудитті бағалау нәтижелерінің көшірмелері;

      5) мәлімделген авиациялық стандарттардың талаптарына сәйкес әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын ұстау және/немесе техникалық қызмет көрсетуді орындау жөніндегі құжаттардың көшірмелері;

      6) мыналар:

      ұшуды жүргізу;

      ұшу жарамдылығын, техникалық жай-күйі мен жабдықты инспекциялауды (бақылауды) да көздейтін пайдаланушының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және авиациялық техникасын жөндеу рәсімдері;

      мәлімделген авиациялық стандарттарға сәйкес авиациялық персоналдың дайындығын жүргізу жөніндегі нұсқаулық;

      7) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі жөніндегі құжаттардың көшірмелері;

      8) сапаны бақылау жүйесі жөніндегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

      Жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылады.

      5. Мәлімделген авиациялық стандарттарды қолдануға рұқсат беру үшін негіз уәкілетті органның күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде қабылданатын шешімі болып табылады.

      6. Шешім оң болған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіні жарамдылық уақыты бойынша шектелмейтін мәлімделген авиациялық стандарттарды қолдануға рұқсат беру туралы жазбаша хабардар етеді.

      7. Егер:

      1) өтініш беруші ұсынған құжаттар осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;

      2) өтініш беруші көрсететін қызметтер (жұмыс түрлері) авиациялық стандарттарды қолдануға мәлімделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартылады.

      8. Мәлімделген авиациялық стандарттарды қолдануға рұқсат беруден бас тартылған кезде өтініш берушіге бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.