Об утверждении Правил установления ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, их частей и дериватов

Приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/159. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 апреля 2015 года № 10845.

      В соответствии с подпунктом 49) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила установления ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, их частей и дериватов.

      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Министра сельского хозяйства


Республики Казахстан

С. Омаров

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр энергетики

      Республики Казахстан

      _____________ В. Школьник

      от 27 марта 2015 года



  Утверждены
приказом исполняющего обязанности
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 27 февраля 2015 года № 18-03/159

Правила
установления ограничений и запретов на пользование
объектами животного мира, их частей и дериватов
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила установления ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, их частей и дериватов разработаны в соответствии с подпунктом 49) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" и определяют порядок введения ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, их частей и дериватов (далее – ограничения и запреты).

      2. Ограничения и запреты устанавливаются в целях сохранения и воспроизводства объектов животного мира.

      3. В целях сохранения объектов животного мира ограничения и запреты устанавливаются с учетом географических, климатических особенностей ареалов (областей распространения) обитания животных.

      4. Ограничения и запреты устанавливаются:

      1) по территориальности: на всей территории Республики Казахстан, на межрегиональном, бассейновом уровне, в административных границах отдельных территориальных единиц или их части, а также на отдельных охотничьих угодьях, водоемах и (или) участках;

      2) по срокам: постоянно (без указания сроков действия), в определенные сроки, перенос установленных сроков;

      3) по применению методов, способов и орудий добывания объектов животного мира, их частей и дериватов;

      4) по видам животных, когда возникает необходимость ограничения и изменения норм изъятия отдельных видов или групп животных, их определенных популяций либо по полу или возрасту;

      5) по ограничению количества пользователей объектами животного мира, их частей и дериватов.

      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными приказом и.о. Министра сельского хозяйства РК от 15.08.2017 № 338 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Порядок установления ограничений и запретов

      5. Ведомство уполномоченного органа в области охраны, воспроизводства и использования животного мира (далее – ведомство) рассматривает целесообразность установления ограничений и запретов, а также их корректировки по мере поступления рекомендаций, выданных научными организациями в виде биологических обоснований.

      Сноска. Пункт 5 в редакции приказа и.о. Министра сельского хозяйства РК от 15.08.2017 № 338 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Ведомство учитывает рекомендации по ограничениям и запретам, которые направлены на сохранение объектов животного мира, а также улучшение условий их обитания и размножения.

      7. Местный исполнительный орган проводит государственную экологическую экспертизу биологического обоснования.

      Сноска. Пункт 7- в редакции приказа Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 05.03.2022 № 72 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. В случае целесообразности установления ограничений и запретов, а также их корректировки, ведомство согласно биологическому обоснованию, прошедшему государственную экологическую экспертизу, принимает решение о введении ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, их частей и дериватов, устанавливает места и сроки их пользования.

      Территориальные подразделения ведомства принимают решения о переносе срока запрета на изъятие объектов животного мира на пятнадцать календарных дней в ту или иную сторону в зависимости от природно-климатических условий без изменения общей продолжительности запрета по рекомендации аккредитованных научных организаций в области охраны, воспроизводства и использования животного мира.

      Сноска. Пункт 8- в редакции приказа Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 05.03.2022 № 72 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Контроль за выполнением установленных ограничений и запретов осуществляется ведомством и его территориальными подразделениями.

Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10845 тіркелді.

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 9-бабының 1-тармағының 49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрі

      ____________ В. Школьник

      2015 жылғы 27 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/159 бұйрығымен
бекiтiлген

Жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен
дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидалары "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 49) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу (бұдан әрі – шектеулер мен тыйым салу) тәртібін айқындайды.

      2. Шектеулер мен тыйым салу жануарлар дүниесінің объектілерін сақтау және өсімін молайту мақсатында белгіленеді.

      3. Жануарлар дүниесінің объектілерін сақтау мақсатында шектеулер мен тыйым салу олардың мекендеу аймақтарының (таралу облыстарының) географиялық, климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленеді.

      4. Шектеулер мен тыйым салу:

      1) аумақтылығы бойынша: Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, өңiраралық, бассейндік деңгейде, жекелеген аумақтық бiрлiктердiң немесе олардың бір бөлiктерiнің әкімшілік шекараларында, сондай-ақ жекелеген аңшылық алқаптарда, су айдындарда және (немесе) учаскелерінде;

      2) мерзiмі бойынша: тұрақты түрде (қолданылу мерзiмдерiн көрсетпестен), белгiлi бiр мерзiмдерге, не болмаса белгіленген мерзімді ауыстыруға;

      3) жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын олжалау әдiстерiн, тәсiлдерiн және құралдарын қолдану бойынша;

      4) жануарлардың жекелеген түрлерiн немесе топтарын, олардың белгiлi бiр тараламдарын алу нормаларын шектеу және өзгерту қажеттiгi туындаған кезде жануарлардың түрлерi бойынша не жынысы немесе жасы бойынша;

      5) жануарлар дүниесiн объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдаланушылар санын шектеу бойынша белгіленеді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2017 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Шектеулер мен тыйым салуды белгілеу тәртібі

      5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) биологиялық негіздемелер түрінде ғылыми ұйымдар берген ұсынымдардың түсуіне қарай шектеулер мен тыйым салуларды белгілеудің, сондай-ақ оларды түзетудің орындылығын қарайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2017 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Ведомство жануарлар дүниесінің объектілерін сақтауға, сондай-ақ олардың мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған шектеулер мен тыйым салу бойынша ұсыныстарды ескереді.

      7. Жергілікті атқарушы орган биологиялық негіздеменің мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 05.03.2022 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу, сондай-ақ оларды түзету қажет орынды болған жағдайда ведомство мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар енгізу туралы шешім қабылдайды, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді.

      Ведомствоның аумақтық бөлімшелері жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға тыйым салу мерзімін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қайсыбір жағына күнтізбелік он бес күнге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 05.03.2022 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Белгіленген шектеулер мен тыйым салудың орындалуын бақылауды ведомство мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.