"Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/159 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 наурызда № 27048 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10845 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      7-тармақ алынып тасталсын;

      "7. Жергілікті атқарушы орган биологиялық негіздеменің мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізеді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу, сондай-ақ оларды түзету қажет орынды болған жағдайда ведомство мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар енгізу туралы шешім қабылдайды, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді.

      Ведомствоның аумақтық бөлімшелері жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға тыйым салу мерзімін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қайсыбір жағына күнтізбелік он бес күнге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
С. Брекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады