Об утверждении Правил формирования, учета, использования и распределения исламского страхового фонда

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 мая 2015 года № 88. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 июля 2015 года № 11650.

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 18 декабря 2000 года "О страховой деятельности" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования, учета, использования и распределения исламского страхового фонда.

      2. Департаменту надзора за субъектами страхового рынка (Калиев А.Е.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) совместно с Департаментом правового обеспечения

      (Досмухамбетов Н.М.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Департаменту международных отношений и связей с общественностью (Казыбаев А.К.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Кожахметова К.Б.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

К. Келимбетов

  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 27 мая 2015 года № 88

Правила
формирования, учета, использования и распределения
исламского страхового фонда

      1. Настоящие Правила формирования, учета, использования и распределения исламского страхового фонда (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 18 декабря 2000 года "О страховой деятельности" и определяют порядок формирования, учета, использования и распределения исламского страхового фонда.

      2. Исламский страховой фонд формируется исламской страховой (перестраховочной) организацией, филиалом исламской страховой (перестраховочной) организацией-нерезидентом Республики Казахстан (далее – исламская страховая (перестраховочная) организация) по каждому классу страхования за счет следующих доходов и поступлений:

      1) страховые премии, полученные от страхователей (перестрахователей) по договорам исламского страхования (перестрахования);

      2) доходы, полученные от инвестирования и (или) реализации средств исламского страхового фонда;

      3) доходы в виде комиссионного вознаграждения, полученные от перестраховочных организаций при размещении страховых рисков по договорам исламского страхования;

      4) доходы, связанные с возмещением по регрессному требованию;

      5) доходы, связанные с возмещением перестраховщиком страховых выплат;

      6) деньги, предоставленные исламской страховой (перестраховочной) организацией для исполнения обязательств по договорам исламского страхования (перестрахования).

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным постановлением Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 17.02.2021 № 34 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Исламская страховая (перестраховочная) организация ведет раздельный учет собственных средств от средств исламского страхового фонда.

      4. Средства исламского страхового фонда используются для следующих целей:

      1) осуществление страховых выплат по договорам исламского страхования (перестрахования);

      2) исполнение обязательств, связанных с урегулированием страховых выплат;

      3) выплата вознаграждения исламской страховой (перестраховочной) организации за управление исламским страховым фондом;

      4) осуществление расходов, связанных с инвестированием и (или) реализацией средств исламского страхового фонда;

      5) исполнение обязательств по уплате налогов и других обязательных платежей в бюджет, предусмотренных Кодексом Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс);

      6) исполнение обязательств по возврату денег, предоставленных исламской страховой (перестраховочной) организацией для исполнения обязательств по договорам исламского страхования;

      7) распределение прибыли исламского страхового фонда между страхователями.

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным постановлением Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 23.12.2020 № 127 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Средства исламского страхового фонда распределяются между страхователями по итогам финансового года, не более одного раза в год при условии выполнения следующих требований:

      1) достаточности средств исламского страхового фонда для исполнения обязательств по договорам исламского страхования (перестрахования) по состоянию на 1 января года, следующего за отчетным;

      2) исполнения обязательств по возврату денег, перечисленных исламской страховой (перестраховочной) организацией за счет собственных средств исламскому страховому фонду.

      6. Сумма средств исламского страхового фонда, подлежащих распределению между страхователями, определяется согласно следующей формуле:

      S=R-E+(r1-r2),

      где:

      R – сумма доходов, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3), 4) и 5) пункта 2 Правил, которые фактически получены в виде денежных средств;

      E – сумма выплаченных расходов, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3), 4) и 5) пункта 4 Правил;

      r1 – сумма страховых резервов на начало финансового года;

      r2 – сумма страховых резервов на конец финансового года.

      7. В сумму доходов исламского страхового фонда, подлежащих распределению между страхователями, не включаются доходы от инвестирования части страховых премий, полученных от страхователей по договорам накопительного страхования для целей инвестирования.

      8. Сумма средств исламского страхового фонда, подлежащих распределению между страхователями, имеющая отрицательное значение, принимает значение ноль.

      9. Распределение средств исламского страхового фонда между страхователями осуществляется пропорционально доле взносов каждого страхователя в исламском страховом фонде.

      10. Достаточность средств исламского страхового фонда для исполнения обязательств по договорам исламского страхования (перестрахования) определяется на основании заключения актуария.

Исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 88 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 шілдеде № 11650 тіркелді.

      "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу қағидалары бекітілсін.

      2. Сақтандыру нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Қалиев Ә.Е.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 88 қаулысымен
бекітілді

Исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу қағидалары

      1. Осы Исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу тәртібін айқындайды.

      2. Ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы (бұдан әрі - ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы) исламдық сақтандыру қорын сақтандырудың әрбір сыныбы бойынша мынадай кірістер мен түсімдер:

      1) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) алынған сақтандыру сыйлықақылары;

      2) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан және (немесе) іске асырудан алынған кірістер;

      3) исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру тәуекелдерін орналастыру кезінде қайта сақтандыру ұйымдарынан алынған комиссиялық сыйақы түріндегі кірістер;

      4) регресстік талап ету бойынша өтеуге байланысты кірістер;

      5) қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне байланысты кірістер;

      6) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін берген ақша есебінен қалыптастырады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы меншікті қаражатын есепке алуды исламдық сақтандыру қорының қаражатынан бөлек жүргізеді.

      4. Исламдық сақтандыру қорының қаражаты мынадай мақсаттар үшін пайдаланылады:

      1) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру;

      2) сақтандыру төлемдерін реттеуге байланысты міндеттемелерді орындау;

      3) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы төлеу;

      4) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялауға және (немесе) іске асыруға байланысты шығыстарды жүзеге асыру;

      5) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) көзделген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу міндеттемелерін орындау;

      6) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін берген ақшаны қайтару міндеттемелерін орындау;

      7) исламдық сақтандыру қорының пайдасын сақтанушылар арасында бөлу.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Исламдық сақтандыру қорының қаражаты мынадай талаптар орындалған жағдайда:

      1) есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру қорының қаражаты жеткілікті болғанда;

      2) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы меншікті қаражаты есебінен исламдық сақтандыру қорына аударған ақшаны қайтару міндеттемелері орындалғанда қаржы жылының қорытындылары бойынша жылына бір реттен көп емес сақтанушылар арасында бөлінеді.

      6. Сақтанушылар арасында бөлінуге тиіс исламдық сақтандыру қоры қаражатының сомасы мынадай формулаға сәйкес айқындалады:

      S=R-E+(r1-r2),

      мұнда:

      R – Қағидалардың 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген, ақша қаражаты түрінде нақты алынған кірістер сомасы;

      E – Қағидалардың 4-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген төленген шығыстар сомасы;

      r1 – қаржы жылының басындағы сақтандыру резервтерінің сомасы;

      r2 – қаржы жылының соңындағы сақтандыру резервтерінің сомасы.

      7. Сақтанушылар арасында бөлінуге тиіс исламдық сақтандыру қоры кірістерінің сомасына инвестициялау мақсаттары үшін жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бөлігін инвестициялаудан түскен кірістер кірмейді.

      8. Сақтанушылар арасында бөлінуге тиіс, теріс мәні бар исламдық сақтандыру қоры қаражатының сомасы нөл мәнін қабылдайды.

      9. Исламдық сақтандыру қорының қаражатын сақтанушылар арасында бөлу әрбір сақтанушының исламдық сақтандыру қорындағы жарналарының үлесіне теңбе-тең жүзеге асырылады.

      10. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру қоры қаражатының жеткіліктілігі актуарийдің қорытындысы негізінде айқындалады.