О некоторых вопросах поставок нефтепродуктов в Республику Казахстан

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 26 июня 2015 года № 439. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 июля 2015 года № 11655

      В соответствии с пунктом 1 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года «О регулировании торговой деятельности» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Ввести запрет с 20 июня по 20 июля 2015 года на ввоз в Республику Казахстан из Российской Федерации железнодорожным транспортом дизельного топлива (код ТН ВЭД ЕАЭС 2710 19 350 0 – 2710 19 480 0).
      2. Департаменту развития нефтяной промышленности Министерства энергетики Республики Казахстан уведомить Акционерное общество «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» (по согласованию) о принятии мер по реализации пункта 1 настоящего приказа в установленном законодательством порядке.
      3. Департаменту развития нефтяной промышленности Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) направление копии настоящего приказа на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему «Әділет»;
      3) направление копии настоящего приказа в течение десяти календарных дней со дня его получения в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации» Министерства юстиции Республики Казахстан;
      4) опубликование настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов;
      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) и 4) настоящего пункта.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Первого вице-министра энергетики Республики Казахстан Карабалина У.С.
      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
      Республики Казахстан                       В. Школьник

      «СОГЛАСОВАН»
      И.о. Министра по инвестициям
      и развитию
      Республики Казахстан
      _____________ А. Рау
      27 июня 2015 года

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр
      национальной экономики
      Республики Казахстан
      ____________ Е. Досаев
      30 июня 2015 года

Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 439 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 шілдеде № 11655 болып тіркелді

      «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңы 18-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. 2015 жылдың 20 маусымынан бастап 20 шілдесін қоса Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына темір жол көлігімен дизель отынын (ЕЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 350 0 – 2710 19 480 0) әкелуге тыйым салу енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабардар етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялауды қамтамасыз етсін;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Бірінші вице-министрі Ұ.С.Қарабалинге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                        В. Школьник

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      Министрінің М.а.
      ________________ А. Рау
      27 маусым 2015 жыл

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ________________ Е. Досаев
      30 маусым 2015 жыл