О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 20 октября 2015 года № 856. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 октября 2015 года № 12196

      В соответствии со статьей 43-1 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан следующие изменения:
      1) приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 октября 2014 года № 732 «Об утверждении объема и содержания инженерно-технических мероприятий гражданской обороны» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9922, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 19 мая 2015 года № 91 (27967), «Егемен Қазақстан» 19 мая 2015 года № 91 (28569):
      в объеме и содержании инженерно-технических мероприятий гражданской обороны, утвержденных указанным приказом:
      в пункт 51 внесены изменения в текст на государственном языке, текст на русском языке не изменяется;
      2) приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 28 января 2015 года № 66 «Об утверждении Правил применения воинских частей гражданской обороны в мирное время» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10390, опубликованный в информационно-правовой системе «Әділет» 27 апреля 2015 года):
      в Правилах применения воинских частей гражданской обороны в мирное время, утвержденных указанным приказом:
      в пункте 3:
      в подпункт 18) внесены изменения в текст на государственном языке, текст на русском языке не изменяется;
      в подпункт 24) внесены изменения в текст на государственном языке, текст на русском языке не изменяется;
      в пункт 6 внесены изменения в текст на государственном языке, текст на русском языке не изменяется.
      2. Комитету по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Петров В.В.) обеспечить в установленном законодательством порядке:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра внутренних дел Республики Казахстан Божко В.К.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
      Республики Казахстан
      генерал-полковник полиции                  К. Касымов

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 856 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 қазанда № 12196 болып тіркелді

      «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9922 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 91 (27967), «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 91 (28569) санында жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнында:
      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «51. Халықты және ауыл шаруашылығы малдарын сумен жабдықтау үшін қолданыстағы және жобаланатын шахталық құдықтар мен жер асты суын алуға арналған басқа да құрылыстар оларға радиоактивті жауын-шашындардың, улы заттардың және биологиялық зақымдау құралдарының түсуінен қорғалады.».
      2) «Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10390 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 сәуірде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану қағидаларда:
      3-тармақта:
      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «18) жұмылдырып өрістетуге дайындық және жауынгерлік әзірлікке келтіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;»;
      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) азаматтық қорғау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттерін шешуге қатысу үшін қолданылады.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Министрдің шешімі бойынша азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – ТЖК) төрағасының жедел бағынысына беріледі.».
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-полковнигі                  Қ. Қасымов