Об утверждении Правил пользования животным миром на участках государственного лесного фонда, в том числе для нужд охотничьего хозяйства

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 6 октября 2015 года № 18-02/891. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 ноября 2015 года № 12246.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 100 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила пользования животным миром на участках государственного лесного фонда, в том числе для нужд охотничьего хозяйства.

      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр сельского хозяйства


Республики Казахстан

А. Мамытбеков


  Утверждены
приказом Министра сельского
хозяйства Республики Казахстан
от 6 октября 2015 года № 18-02/891

Правила
пользования животным миром на участках
государственного лесного фонда, в том числе
для нужд охотничьего хозяйства

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с пунктом 5 статьи 100 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года (далее – Кодекс) и Законом Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" и определяют порядок пользования животным миром на участках государственного лесного фонда, в том числе для нужд охотничьего хозяйства.

      2. Пользование животным миром на участках государственного лесного фонда осуществляется в порядке общего или специального природопользования.

      3. В порядке общего природопользования пользование животным миром на участках государственного лесного фонда осуществляется без изъятия объектов животного мира из природной среды в научных, культурно-просветительных, воспитательных и эстетических целях.

      4. В порядке специального природопользования пользование животным миром на участках государственного лесного фонда осуществляется с изъятием объектов животного мира из природной среды в научных и культурно-просветительных целях, при производстве охоты, а также для использования полезных свойств и продуктов жизнедеятельности животных.

      5. В порядке специального природопользования пользование животным миром на участках государственного лесного фонда, закрепленных за пользователями животным миром, осуществляется в порядке, утверждаемом в соответствии со статьей 35 Кодекса, на основании протокола тендера с последующим оформлением договора между государственным лесовладельцем и лесопользователем.

      6. Для пользования в хозяйственных целях животным миром, не относящимся к объектам охоты, а также полезными свойствами и продуктами их жизнедеятельности (сбор сброшенных рогов, мумие, использование диких пчел, муравьев и другие) участки государственного лесного фонда предоставляются лесопользователю краткосрочно на срок до 1 года.

      7. Основанием для осуществления пользования в хозяйственных целях объектами животного мира, не относящимся к объектам охоты, на участках государственного лесного фонда являются лесной билет, выдаваемый государственным лесовладельцем, и разрешение уполномоченного органа в области охраны, воспроизводства и использования животного мира.

      8. Пользование животным миром на участках государственного лесного фонда должно осуществляться способами, исключающими возможность нанесения ущерба животному миру и лесным ресурсам.

      9. К пользователям животным миром на участках государственного лесного фонда предъявляются следующие требования:

      1) проводить противопожарные мероприятия, а в случае возникновения лесного пожара, обеспечивать его тушение соблюдать на отведенных им для лесопользования участках государственного лесного фонда Правила пожарной безопасности, утверждаемые в соответствии с пунктом 2 статьи 63 Кодекса;

      2) не допускать на отведенных для лесопользования участках государственного лесного фонда незаконных порубок леса и иных нарушений лесного законодательства Республики Казахстан, предусмотренных статьей 113 Кодекса;

      3) в соответствии с подпунктом 17) статьи 38 Кодекса информировать государственных лесовладельцев о появлении на отведенных им для лесопользования участках государственного лесного фонда вредителей и болезней леса;

      4) выполнять условия, установленные:

      договором долгосрочного лесопользования на участках государственного лесного фонда, в порядке, предусмотренными Правилами проведения тендеров по предоставлению лесных ресурсов на участках государственного лесного фонда в долгосрочное лесопользование, утверждаемыми в соответствии со статьей 35 Кодекса;

      разрешительными документами, согласно Правилам учета, хранения, заполнения и выдачи лесорубочного билета и лесного билета, утвержденным приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 18-02/40 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10676);

      5) представлять государственному лесовладельцу проект внутрихозяйственного охотустройства, прошедший государственную экологическую экспертизу в срок, не превышающий 2 года после подписания договора между государственным лесовладельцем и лесопользователем о закреплении участка государственного лесного фонда в долгосрочное пользование на 10 лет и выше в соответствии с Правилами по внутрихозяйственному охотоустройству на территории Республики Казахстан, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 июля 2012 года № 17-03/362 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7851);

      6) представлять уполномоченным государственным органам в области лесного хозяйства, а также в области охраны, воспроизводства и использования животного мира информацию, необходимую для ведения государственного учета животного мира, кадастра животного мира, государственного лесного мониторинга и мониторинга животного мира на закрепленных за пользователями животным миром в долгосрочное пользование участках государственного лесного фонда, в порядке, установленном приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 июня 2015 года № 18-03/577 "Об утверждении Правил ведения государственного учета, кадастра и мониторинга животного мира" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11800).

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жануарлар дүниесін, оның ішінде аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы үшін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 18-02/891 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қарашада № 12246 болып тіркелді.

      2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 100-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жануарлар дүниесін, оның ішінде аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы үшін пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 қазандағы
№ 18-02/891 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн
пайдалану, оның iшiнде аңшылық шаруашылығының
мұқтаждығы үшiн пайдалану
қағидалары

      1. Осы Қағидалар 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 100-бабының 5-тармағына және 2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану, оның iшiнде аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы үшiн пайдалану тәртiбiн айқындайды.

      2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жалпы немесе арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.

      3. Жалпы табиғат пайдалану тәртiбiмен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесi объектiлерiн табиғи ортадан алмай-ақ ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда жүзеғе асырылады.

      4. Арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесi объектілерiн табиғи ортадан ғылыми және мәдени-ағарту мақсаттарында аң аулау кезiнде, сондай-ақ жануарлар тiршiлiгiнiң пайдалы қасиеттерi мен өнiмдерiн пайдалану үшiн алу арқылы жүзеге асырылады.

      5. Арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтiлiн берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану кейіннен мемлекеттік орман иеленушi мен орман пайдаланушы арасында шарт ресімделіп, тендер хаттамасының негізінде Кодекстің 35-бабына сәйкес бекітілетін тәртіппен жүзеге асырылады.

      6. Аң аулау объектiлерiне жатпайтын жануарлар дүниесiн шаруашылық мақсаттарда, сондай-ақ олардың тiршiлiгiнiң пайдалы қасиеттерi мен өнiмдерiн пайдалану (тасталған мүйiздердi, мумие жинау, жабайы араларды, құмырсқаларды және басқаларды пайдалану) үшiн мемлекеттiк орман қорының учаскелерi орман пайдаланушыға 1 жылға дейiнгi қысқа мерзiмге беріледi.

      7. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аң аулау объектiлерiне жатпайтын жануарлар дүниесi объектiлерiн шаруашылық мақсаттарда пайдалануды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк орман иеленушi беретiн орман билетi және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орғанның рұқсаты негiз болып табылады.

      8. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесi мен орман ресурстарына нұқсан келтiру мүмкiндiгiне жол бермейтiн тәсiлдермен жүзеге асырылуға тиiс.

      9. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға мынадай:

      1) өртке қарсы iс-шаралар жүргiзу, ал орман өртi шыққан жағдайда оны сөндiрудi қамтамасыз ету; оларға орман пайдалану үшiн бөлiнген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде Кодекстің 63-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын сақтау,

      2) орман пайдалану үшiн бөлiнген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаштың заңсыз кесілуіне және Қазақстан Республикасы орман заңнамасының Кодекстің 113-бабында көзделген өзге де бұзушылықтарына жол бермеу;

      3) Кодекстің 38-бабының 17) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк орман иеленушілерге орман пайдалану үшiн оларға бөлiнген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман зиянкестерi мен ауруларының пайда болғаны туралы хабарлау;

      4) Кодекстің 35-бабына сәйкес бекітілетін Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу қағидаларында көзделген тәртінпен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10676 болып тіркелген) бекітілген Ағаш кесу билеті мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларына сәйкес рұқсатнама құжаттарда белгіленген шарттарды орындау;

      5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 17-03/362 бұйрыгымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7851 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес мемлекеттiк орман қоры учаскесiн 10 жылға және одан да ұзақ мерзiмдi пайдалануға бекiтiп беру туралы мемлекеттiк орман иеленушi мен орман пайдаланушы арасындағы шартқа қол қойылғаннан кейiн 2 жылдан аспайтын мерзiмде мемлекеттiк эколоғиялық сараптамадан өткен шаруашылықішілік аңшылық ісінің жобасын мемлекеттiк орман иеленушiге беру;

      6) орман шаруашылығы саласындағы, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға "Жануарлар дүниесінің мемлекеттік есебін, кадастрын және мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/577 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11800 болып тіркелген) белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға ұзақ мерзiмдi пайдалануға бекiтілiн берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiнiң мемлекеттік есебін, жануарлар дүниесiнiң кадастрын, мемлекеттiк орман мониторингін және жануарлар дүниесiнiң мониторингiн жүргiзу үшiн қажеттi ақпарат беру талаптары қойылады.