Об утверждении Правил пользования участками государственного лесного фонда для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 октября 2015 года № 18-02/923. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 ноября 2015 года № 12276

      В соответствии с пунктом 3 статьи 102 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила пользования участками государственного лесного фонда для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей.
      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему    «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр сельского хозяйства
      Республики Казахстан                       А. Мамытбеков

Утверждены               
приказом Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан       
от 14 октября 2015 года № 18-02/923 

Правила пользования участками государственного лесного фонда
для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных,
туристских и спортивных целей

      1. Настоящие Правила пользования участками государственного лесного фонда для оздоровительных, рекреационных,историко-культурных, туристских и спортивных целей (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 102 Лесного кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) от 8 июля 2003 года и определяют порядок пользования участками государственного лесного фонда для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей физическими и юридическими лицами (далее – лесопользователями).
      Действие настоящих Правил распространяется на государственный лесной фонд, за исключением особо охраняемых лесных территорий.
      2. Пользование участками государственного лесного фонда для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей предполагает использование полезных свойств леса для восстановления и укрепления здоровья людей путем отдыха, лечения, занятия спортом в условиях лесной среды, а также туризма, связанного с посещением и изучением уникальных лесных ландшафтов, памятников природы, культурного и исторического наследия.
      3. Пользование участками лесного фонда в оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целях ограничивается в периоды высокой пожарной опасности в лесу, в интересах ведения селекционно-семеноводческих работ, орехопромыслового и лесоплодового хозяйства.
      4. Пребывание физических лиц на территории государственного лесного фонда осуществляются в соответствии со статьей 42 Кодекса.
      5. Участки государственного лесного фонда для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей предоставляются физическим и юридическим лицам в соответствии с пунктом 1 статьи 102 Кодекса.
      6. Проведение оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных мероприятий на участках государственного лесного фонда осуществляется на специально отведенных участках, оборудованных автостоянками, спортивными площадки, туристическими маршрутами и тропами, другими объектами по разрешению государственного лесовладельца.
      7. При использовании участков государственного лесного фонда в оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целях лесопользователи возводят строения, сооружения и другие объекты в соответствии с Правилами предоставления лесопользователям участков под объекты строительства на землях государственного лесного фонда, где лесные ресурсы предоставлены в долгосрочное лесопользование для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей; нужд охотничьего хозяйства; побочного пользования и выдачи разрешения на использование этих участков под строительство таких объектов, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 18-02/39 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10751).
      8. При размещении, проектировании, строительстве и вводе в эксплуатацию сооружений и других объектов, влияющих на состояние лесов, лесопользователями предусматриваются и осуществляются мероприятия, обеспечивающие защиту лесов от отрицательного воздействия на них сточных вод, промышленных и коммунально-бытовых выбросов, отходов и отбросов.
      9. Право лесопользования на участках государственного лесного фонда в оздоровительных, рекреационных, туристских и спортивных целях приостанавливается, ограничивается или прекращается в порядке и на основаниях, определенных статьями 39-41 Кодекса.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-02/923 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 қарашада № 12276 болып тіркелді

      2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 102-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі             А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 14 қазандағы  
№ 18-02/923 бұйрығымен 
бекітілген         

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану қағидалары

      1. Осы Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалануы қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрi – Кодекс) 102-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрлендi және жеке әрі заңды тұлғалардың (бұдан әрi – орман пайдаланушылар) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалануы тәртiбiн регламенттейдi.
      Осы Қағидалардың қолданысы, ерекше қорғалатын орман аумақтарын қоспағанда, мемлекеттiк орман қорына таралады.
      2. Орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану орман ортасы жағдайында дем алу, емделу, спортпен шұғылдану арқылы адамдардың денсаулығын қалпына келтiру және нығайту, сондай-ақ бiрегей орман ландшафтарын, табиғат, мәдени және тарихи мұра ескерткiштерiн барып көрумен және зерделеумен байланысты туризм үшiн орманның пайдалы қасиеттерiн пайдалануды көздейдi.
      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттарда пайдалану ормандағы жоғары өрт қауiптiлiгi кезеңдерiнде, селекциялық-тұқым шаруашылығы жұмыстарын, жаңғақ кәсiпшілігi мен орман жемiсi шаруашылығын жүргiзу мүддесi үшiн шектеледі.
      4. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуы Кодекстің 42-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттік орман қорының учаскелерi сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшін жеке және заңды тұлғаларға Кодекстің 102-бабының 1-тармағына сәйкес беріледі.
      6. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық iс-шараларды жүргізу автотұрақтармен, спорт алаңдарымен, туристік бағдарлармен және соқпақтармен, мемлекеттік орман иеленушiнiң рұқсаты бойынша басқа да объектілермен жабдықталған арнайы бөлiнген учаскелерде жүзеге асырылады.
      7. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттарда пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/39 бұйрығымен бекітілген Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10751 болып тіркелген) сәйкес үй-жайлар, құрылыстар және басқа да объектiлер салады.
      8. Ормандардың жай-күйіне әсер ететін құрылыстарды және басқа да объектiлерді орналастыру, жобалау, салу және пайдалануға беру кезiнде орман пайдаланушылар ормандарды сарқынды сулардың, өнеркәсiп және коммуналдық-тұрмыстық тастандылардың, қалдықтар мен қоқыстардың оларға терiс әсерiнен қорғауды қамтамасыз ететiн iс-шараларды ескереді және жүзеге асырады.
      9. Сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Кодекстiң 39-41-баптарымен айқындалған тәртіппен және негiздер бойынша тоқтатыла тұрады, шектеледі немесе тоқтатылады.