Об утверждении Правил приобретения, а также размещения акций Акционерного общества "Фонд гарантирования страховых выплат"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 октября 2015 года № 198. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 декабря 2015 года № 12363. Утратило силу постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 23 ноября 2022 года № 99.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 23.11.2022 № 99 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 6) пункта 1 статьи 4 Закона Республики Казахстан от 3 июня 2003 года "О Фонде гарантирования страховых выплат" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила приобретения, а также размещения акций Акционерного общества "Фонд гарантирования страховых выплат".

      2. Признать утратившими силу:

      1) подпункт 3) пункта 1 постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 1 марта 2010 года № 26 "Об утверждении нормативных правовых актов, регулирующих деятельность Акционерного общества "Фонд гарантирования страховых выплат" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6167, опубликованного 25 сентября 2010 года в газете "Казахстанская правда" № 253-254 (26314-26315));

      2) абзацы пятый, шестой и седьмой пункта 4 Перечня нормативных правовых актов Республики Казахстан по вопросам оптимизации и автоматизации бизнес-процессов государственных услуг, оказываемых Национальным Банком Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения, утвержденного постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 декабря 2014 года № 261 "О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам оптимизации и автоматизации бизнес-процессов государственных услуг, оказываемых Национальным Банком Республики Казахстан" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10211, опубликованным 26 февраля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан", 25 июня 2015 года в газете "Казахстанская правда" № 118 (27994)).

      3. Департаменту методологии контроля и надзора (Абдрахманов Н.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) совместно с Департаментом правового обеспечения (Досмухамбетов Н.М.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.

      4. Департаменту международных отношений и связей с общественностью (Казыбаев А.К.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Кожахметова К.Б.

      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

К. Келимбетов


  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 20 октября 2015 года № 198

Правила приобретения,
а также размещения акций Акционерного общества
"Фонд гарантирования страховых выплат"

      1. Настоящие Правила приобретения, а также размещения акций Акционерного общества "Фонд гарантирования страховых выплат" разработаны в соответствии с подпунктом 6) пункта 1 статьи 4 Закона Республики Казахстан от 3 июня 2003 года "О Фонде гарантирования страховых выплат" (далее – Закон) и устанавливают порядок и условия приобретения, а также размещения акций Акционерного общества "Фонд гарантирования страховых выплат" (далее – Фонд).

      2. Для приобретения акций Фонда страховая организация – участник Фонда представляет Фонду документы, указанные в пункте 2 статьи 9 Закона, и заявление о приобретении акций Фонда с учетом ограничения, установленного пунктом 3 статьи 5 Закона.

      Для приобретения акций Фонда Национальный Банк Республики Казахстан представляет Фонду заявление о приобретении акций Фонда.

      3. Приобретение и размещение акций Фонда осуществляется в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан об акционерных обществах.

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 198 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 7 желтоқсанда № 12363 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 99 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Мына:

      1) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 26 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6167 тіркелген, 2010 жылғы 26 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 439-442 (26285) жарияланған) 1-тармағы 3) тармақшасының;

      2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 261 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10211 тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 25 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 118 (28596) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 4-тармағының бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 20 қазандағы
№ 198 қаулысымен
бекітілген

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру қағидалары

      1. Осы "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру қағидалары "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру тәртібін және талаптарын белгілейді.

      2. Қордың акцияларын сатып алу үшін Қорға қатысушы сақтандыру ұйымы Қорға Заңның 9-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және Заңның 5-бабының 3-тармағында белгіленген шектеуді ескере отырып, Қордың акцияларын сатып алу туралы өтінішті ұсынады.

      Қордың акцияларын сатып алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қорға Қордың акцияларын сатып алу туралы өтінішті ұсынады.

      3. Қордың акцияларын сатып алу мен орналастыру Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.