Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 261 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қаңтарда № 10211 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы Қ. Келімбетов

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 261 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" 2010 жылғы 1 наурыздағы № 26 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6167 тіркелген, 2010 жылғы 26 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 439-442 (26285) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісімді беру мен қайтарып алу және оларға біліктілік талаптарын белгілеу ережесінде:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру мен қайтарып алу және оларға біліктілік талаптарын белгілеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісімді беру мен қайтарып алу тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді.";

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 128; 20.10.2015 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.08.2016 № 183; 28.10.2016 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 26.12.2016 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7542 тіркелген, 2012 жылғы 30 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 360-364 (27438) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру ұйымы (сақтандыру холдингі) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды өткізуге рұқсат алуға арналған өтінішхатты (бұдан әрі – өтінішхат) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасайды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) қағаз тасымалдағышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынады. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингтері өтінішхатты қағаз тасымалдағышта ұсынады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта ұйымдастыруға берілетін рұқсат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы орындалуы Қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында белгіленетін мынадай талаптарды сақтаған кезде беріледі:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығы жоқ заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырылған жағдайда – қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының болмауы. Іс-шаралар жоспарына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жоғары органының ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған күнгі аудиторлық ұйым куәландырған және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерінің жоқ екендігін растайтын қаржылық есептілігі қоса беріледі;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығы бар заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырған жағдайда:

      қайта ұйымдастырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы ірі қатысушы белгілеріне сәйкес келетін тұлғаларда ірі қатысушы мәртебесін иеленуге берілген жазбаша келісімнің болуы;

      қайта ұйымдастырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтеріндегі болжамдық мәндерінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықта белгіленген талаптарға сәйкес келуі;

      "Бәсекелестік туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда болжанған қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын орындау туралы монополияға қарсы органның қорытындысын ұсыну.";

      қосымша Тізбенің 4-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7552 тіркелген, 2012 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 330-335 (27409) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарда:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жеке немесе заңды тұлға қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді, заңды мекен-жайы (тұрғылықты жері), сатып алынатын қаржы ұйымы акцияларының саны, олардың құны, сатып алу болжанып отырған қаржы ұйымының акциялары санының тиісінше банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының орналастырған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді көрсете отырып, қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы (бұдан әрі – өтініш беруші) мәртебесін иеленуге еркін нысанда жасалған өтінішті береді.

      Бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы немесе банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін алатын жағдайда өтініш беруші ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуға ниет білдірген қаржы ұйымдарының атауы көрсетілген өтінішті береді.

      Өтініште өтініш беруші онымен бірлесіп қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы болуды болжап отырған тұлғалардың және акцияларды (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері) иеленуді қаржы ұйымының акцияларын жанама иелену арқылы (дауыс беру) жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі көрсетіледі.

      Жеке және заңды тұлғалар өтінішті қағаз тасымалдағышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынады. Қазақстан Республикасының резиденті еместер өтінішті қағаз тасымалдағышта ұсынады.";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өтініш беруші уәкілетті органға өтінішпен бірге тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 4, 5, 6, 7, 7-1 және 12-тармақтарында, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.";

      5-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер өтiнiш беруші банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі не басқа қаржы ұйымының iрi қатысушысы болса, онда уәкілетті органға ұсынылатын қайта капиталдандыру жоспары осы қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес өтiнiш берушiнiң мiндеттемелерi ескеріле отырып жасалады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Осы Қағидалардың 4, 5, 6, 7-тармақтарында көрсетілген құжаттарды осы құжаттардың мазмұны өзгерген не олардың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органға бұрын тапсырған тұлғалар ұсынбайды. Бұл ретте, уәкілетті органға өзгерістер енгізілген немесе қолдану мерзімдері аяқталған құжаттар ғана ұсынылады. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену туралы өтініште уәкілетті органға бұрын тапсырылған құжаттар туралы (шығыс құжаттың күні, нөмірі) мәліметтер, сондай-ақ оларды ұсыну негіздемесі көрсетіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Бұрын қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін алған тұлға заңды тұлғаның атауы өзгерген, сондай-ақ қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болу өтінішінде көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда заңды тұлғаның әділет органында мемлекеттік қайта тіркеуден өткен күнінен немесе қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болу өтінішінде көрсетілген мәліметтерде өзгерістер туындаған күннен бастап он бес жұмыс күні үшінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органды хабардар етеді.

      Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін алу үшін бұрын берілген келісімге өзгеріс енгізуге және осы өзгерістерге уәкілетті органның келісімін алу талап етілмейді.";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Бұрын банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін алған және кейіннен банктің ірі қатысушысының және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының белгісін ғана иеленіп отырған тұлға көрсетілген сәйкессіздік туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті орган алдында уәкілетті органның осының алдында банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесіне ие болуға берген келісімінің қолданылуын тоқтату туралы және көрсетілген өзгерісті растайтын құжаттарды ғана ұсына отырып банктің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін беру туралы өтініш білдіреді.

      20. Бұрын қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алған және кейіннен қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингінің немесе сақтандыру холдингінің белгісін иеленбеген тұлға көрсетілген сәйкессіздік туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетілген өзгерістерді растайтын құжаттарды ұсына отырып уәкілетті орган алдында уәкілетті органның бұрын берген келісімінің қолданылуын тоқтату туралы өтініш білдіреді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Уәкілетті орган қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге берген келісімін Банктер туралы заңның 17-1-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша қайтарып алады.

      Бұл жағдайда мұндай шара қолданылатын тұлға Банктер туралы заңның 17-1-бабының 15-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 13-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 13-тармағында тиісінше көрсетілген талаптарды сақтаған сәттен бастап күнтiзбелiк 3 (үш) күн ішінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға растауды береді.".

      8. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 24 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иемденуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға, иемденуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 наурыздағы № 129 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7619 тіркелген, 2012 жылғы 15 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 510-515 (27588) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншiлес ұйымды құруға немесе иемденуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншiлес ұйымды құруға, иемденуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берiлген рұқсатты керi қайтарып алу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің:

      1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша еншiлес ұйым құруына немесе иеленуіне;

      2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұйымдардың капиталында қомақты қатысуына берiлген және одан қайтарып алынған рұқсаттардың тiзiлiмiн жүргiзедi.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі уәкілетті органға Заңның 32-бабының 4-тармағында көрсетiлген құжаттарды қоса бере отырып, еркiн нысандағы өтiнiштi, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) және (немесе) сақтандыру холдингі, нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болжамды құратын немесе иеленетін еншілес ұйымы кіретін сақтандыру тобының пруденциалдық нормативтерінің және құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйымды ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және (немесе) сақтандыру холдингтері сақтауға міндетті уәкілетті орган белгілеген басқа да нормалар мен лимиттердің есебін бередi.

      Талап етілетін құжаттар қоса беріле отырып, өтініш қағаз тасымалдағышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.

      Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингтері өтінішті қағаз тасымалдағышта ұсынады.

      Еншiлес ұйымның басшы қызметкерлерi (немесе басшы қызметкерлері лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылады.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алу үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі уәкілетті органға Заңның 32-бабы 4-тармағының 2), 3), 5), 6), 7), 10) және 11) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды қоса бере отырып еркiн нысанда жазылған өтiнiштi ұсынады.

      Талап етілетін құжаттар қоса беріле отырып, өтініш қағаз тасымалдағышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.

      Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингтері өтінішті қағаз тасымалдағышта ұсынады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысатын заңды тұлғаның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      10. Қазақстан Республикасының резиденттерi - банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының капиталында қомақты қатысуға рұқсат алу үшiн уәкілетті органға Заңның 32-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген құжаттар ұсынылмайды.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Еншiлес ұйымды құруға, иеленуге, ұйымның капиталында қомақты қатысуға берiлген рұқсат қайтарып алынған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі Заңның 32-бабының 13-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады және растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өздеріне тиесілі акцияларды (қатысу үлесін) иеліктен шығару жүргізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға еркiн нысандағы хабарламаны ұсынады.";

      3-қосымша Тізбенің 6-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша Тізбенің 7-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      11. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      14. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      15. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
көрсететін мемлекеттік қызметтердің
бизнес-процестерін оңтайландыру және
автоматтандыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
Қазақстан Республикасының нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
көрсететін мемлекеттік қызметтердің
бизнес-процестерін оңтайландыру және
автоматтандыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
Қазақстан Республикасының нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
2-қосымша

3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 128 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
көрсететін мемлекеттік қызметтердің
бизнес-процестерін оңтайландыру және
автоматтандыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
Қазақстан Республикасының нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 24 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
көрсететін мемлекеттік қызметтердің
бизнес-процестерін оңтайландыру және
автоматтандыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
Қазақстан Республикасының нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
5-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
көрсететін мемлекеттік қызметтердің
бизнес-процестерін оңтайландыру және
автоматтандыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
Қазақстан Республикасының нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
6-қосымша
  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына
және (немесе) сақтандыру холдингіне
еншiлес ұйымды құруға немесе иемденуге,
ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға
рұқсат беру, сондай-ақ еншiлес ұйымды
құруға, иемденуге, ұйымның капиталына
қомақты қатысуға берiлген рұқсатты
керi қайтарып алу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      сурет үшін орын

Еншiлес ұйымның басшы қызметкерлерi (немесе басшы қызметкерлері лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат

      _____________________________________________________________________

      (еншілес ұйымның атауы)

      _____________________________________________________________________

      (еншiлес ұйымның басшы қызметкерiнің (немесе басшы қызметкері

      лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттың)

      тегі, аты, бар болса – әкесінің аты

      _____________________________________________________________________

      және еншілес ұйымдағы басшы қызметкердің лауазымы немесе кандидат

      тағайындалатын лауазым көрсетіледі)

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні мен жері

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (нөмірі, берілген күні, берген орган)

      2. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары)

      _____________________________________________________________________

      3. Жұмыс орнының (орындарының) мекенжайы (мекенжайлары)

      байланыс телефоны____________________________________________________

      4. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күнi - аяқтаған күнi

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері, біліктілігі

Оқу орнының орналасқан жері

1.

      5. Зайыбы, жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және жекжаты (зайыбының (жұбайының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер

Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны мен лауазымы

1.

      6. Еншiлес ұйымның басшы қызметкерiнің (немесе басшы қызметкерлері лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттың) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларын иеленуі туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1.

      7. Соңғы үш жылда өткен біліктілігін көтеру семинарларынан, курстарынан өту туралы мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізу күні мен орны

Сертификаттың деректемелері (нөмірі, берілген күні)

1.

      8. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта еншілес ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкері лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидат) өз еңбек қызметінде қызмет атқарған (атқаратын) лауазымдары, оның ішінде уәкілетті органға келісу туралы өтінішхат ұсынған қаржы ұйымындағы, холдингтегі қызметі туралы мәліметтер көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1.

      9. Еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкері лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттың) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізуі туралы мәліметтер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (қаржы ұйымының атауы, кандидаттың аудиторлық есепке аудитор -

      орындаушы ретінде қол қойған күні көрсетілсін).

      10. Осы ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдардағы директорлар кеңесінде және инвестициялық комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы, келісу күні (талап етілген болса)

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1.

      11. Бар жариялымдар, ғылыми әзірлемелер және басқа да жетістіктер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (иә (жоқ) бар болған жағдайда күні, қай басылымдарда екендігі

      көрсетілсін)

      12. Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы мәлiметтер:

Күні

Сот органының атауы

Соттың орналасқан жері

Жаза түрі

Заңнама актісінің кандидат қылмыстық жауапқа тартылған бабы

Сот процессуалдық шешім қабылдаған күн

1.

      13. Өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелерді орындамау фактісінің болуы туралы мәліметтер:

      (иә (жоқ), көрсетілген фактілер болған жағдайда, ұйымның

      атауын және міндеттеме сомасын көрсету қажет)

      14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымдағы басшы қызметкер немесе тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидат қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, банк холдингін консервациялау, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейінгі бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын (атқарушы органның) директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлға) және оның орынбасары, бас бухгалтері, жеке тұлға – ірі қатысушы, қаржы ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының (банктік немесе сақтандыру холдингінің) бірінші басшысы болғандығы туралы мәліметтер.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін).

      15. Басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алу туралы және қаржы ұйымының, холдингтің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметтік міндеттерін орындаудан уәкілетті органның шеттетуі туралы деректердің болуы.

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тағайындауға

      (сайлауға) келісімді қайтарып алу үшін негіздеме және осындай

      шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетілсін).

      16. Қаржы ұйымының, холдингтің қызметі мәселелері бойынша қаржы ұйымының, холдингтің басшысы ретінде сот қарауында жауапкер ретінде тартылды ма:

      (иә (жоқ), күні, қаржы ұйымының, холдингтің, сот қарауында жауап

      берушінің атауы, қаралатын мәселе және сот шешімі көрсетілсін).

      Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін растаймын.

      Тегі, аты бар болса – әкесінің аты

      _____________________________________________________________________

      (баспа әріптерімен)

Еншілес ұйымның тәуелсіз директорының лауазымына кандидат толтырады:
Мен,
____________________________________________________________________
(тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)
____________________________________________________________________
тәуелсіз директор лауазымына тағайындау (сайлау) үшін "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын.

      Күні ___________________________________

      Қолы ________________________________ ".

  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
көрсететін мемлекеттік қызметтердің
бизнес-процестерін оңтайландыру және
автоматтандыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
Қазақстан Республикасының нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
7-қосымша
  "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына
және (немесе) сақтандыру холдингіне
еншiлес ұйымды құруға немесе иемденуге,
ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға
рұқсат беру, сондай-ақ еншiлес
ұйымды құруға, иемденуге, ұйымның
капиталына қомақты қатысуға берiлген
рұқсатты керi қайтарып алу қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

      сурет үшін орын

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымның басшы қызметкерлері немесе басшы қызметкерлері лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар туралы ақпарат

      _____________________________________________________________________

      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру

      холдингі қомақты қатысатын ұйымның атауы)

      _____________________________________________________________________

      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру

      холдингі қомақты қатысатын ұйымның басшы қызметкерінің немесе басшы

      қызметкері лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын

      кандидаттың тегі, аты, бар болса – әкесінің аты

      _____________________________________________________________________

      және басшы қызметкердің лауазымы немесе сақтандыру (қайта сақтандыру)

      ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымдағы,

      холдингтегі тағайындалатын кандидаттың лауазымы)

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні мен жері

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берген)

      2. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары)

      _____________________________________________________________________

      3. Жұмыс орнының (орындарының) мекенжайы (мекенжайлары) байланыс телефоны

      _____________________________________________________________________

      4. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күнi - аяқтаған күнi

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері, біліктілігі

Оқу орнының орналасқан жері

1.

      5. Зайыбы, жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және жекжаты (зайыбының (жұбайының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер

Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны мен лауазымы

1.

      6. Еншілес ұйымның басшы қызметкерiнің (немесе басшы қызметкерлері лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттың) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларын иеленуі туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1.

      7. Соңғы үш жылда өткен біліктілігін көтеру семинарлары, курстары туралы мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізу күні мен орны

Сертификаттың деректемелері (нөмірі, берілген күні)

1.

      8. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта еншілес ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкері лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидат) өз еңбек қызметінде қызмет атқарған (атқаратын) лауазымдары, оның ішінде уәкілетті органға келісу туралы өтінішхат ұсынған қаржы ұйымындағы, холдингтегі қызметі туралы мәліметтер көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1.

      9. Еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкері лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттың) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізуі туралы мәліметтер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (қаржы ұйымының атауы, кандидаттың аудиторлық есепке аудитор -

      орындаушы ретінде қол қойған күні көрсетілсін).

      10. Осы ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдардағы директорлар кеңесінде және инвестициялық комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы, келісу күні (талап етілген болса)

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1.

      11. Бар жариялымдар, ғылыми әзірлемелер және басқа да жетістіктер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (иә (жоқ) бар болған жағдайда күні, қай басылымдарда екендігі

      көрсетілсін)

      12. Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы мәлiметтер:

Күні

Сот органының атауы

Соттың орналасқан жері

Жаза түрі

Заңнама актісінің кандидат қылмыстық жауапқа тартылған бабы

Сот процессуалдық шешім қабылдаған күн

1.

      13. Өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелерді орындамау фактісінің болуы туралы мәліметтер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), көрсетілген фактілер болған жағдайда, ұйымның

      атауын және міндеттеме сомасын көрсету қажет)

      14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымдағы басшы қызметкер немесе тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидат қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, банк холдингін консервациялау, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейінгі бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын (атқарушы органның) директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлға) және оның орынбасары, бас бухгалтері, жеке тұлға – ірі қатысушы, қаржы ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының (банктік немесе сақтандыру холдингінің) бірінші басшысы болғандығы туралы мәліметтер.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін).

      15. Басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алу туралы және қаржы ұйымының, холдингтің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметтік міндеттерін орындаудан уәкілетті органның шеттетуі туралы деректердің болуы.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тағайындауға

      (сайлауға) келісімді қайтарып алу үшін негіздеме және осындай

      шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетілсін).

      16. Қаржы ұйымының, холдингтің қызметі мәселелері бойынша қаржы ұйымының, холдингтің басшысы ретінде сот қарауында жауапкер ретінде тартылды ма:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), күні, қаржы ұйымының, холдингтің, сот қарауында жауап

      берушінің атауы, қаралатын мәселе және сот шешімі көрсетілсін).

      Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін растаймын.

      Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты

      _____________________________________________________________________

      (баспа әріптерімен)

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымның тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады:

      Мен,

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)

      _____________________________________________________________________

      тәуелсіз директор лауазымына тағайындау (сайлау) үшін "Акционерлік

      қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының

      Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын.

      Күні ___________________________________

      Қолы ________________________________ ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады