Об утверждении Правил оплаты услуг национального института развития в области технологического развития при предоставлении инновационных грантов

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 9 декабря 2015 года № 1191. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 февраля 2016 года № 12989. Утратил силу приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 октября 2020 года № 366/НҚ.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 01.10.2020 № 366/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 19) пункта 2 статьи 100 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан от 29 октября 2015 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оплаты услуг национального института развития в области технологического развития при предоставлении инновационных грантов.

      2. Признать утратившим силу приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 140 "Об утверждении Правил оплаты услуг национального института развития в области технологического развития при предоставлении инновационных грантов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11311, опубликованный в информационно-правовой системе "Әділет" 25 июня 2015 года).

      3. Департаменту технологического и инновационного развития Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Батырқожа А.Б.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет", а также в Республиканский центр правовой информации для внесения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 3 настоящего приказа;

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2016 года.

Министр по инвестициям и


развитию Республики Казахстан

А. Исекешев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      ______________ ________________

      от 23 декабря 2015 год

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      ___________ _______________

      от 21 декабря 2015 год



  Утверждены приказом
Министра по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 9 декабря 2015 года № 1191

Правила оплаты услуг национального института
развития в области технологического развития
при предоставлении инновационных грантов
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оплаты услуг национального института развития в области технологического развития при предоставлении инновационных грантов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 19) пункта 2 статьи 100 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) грантополучатель – физическое или юридическое лицо, получившее инновационный грант;

      2) уполномоченный орган в области государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в сфере индустрии и индустриально-инновационного развития, а также в пределах, предусмотренных законодательством, межотраслевую координацию и участие в реализации государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности (далее – уполномоченный орган);

      3) национальный институт развития в области технологического развития - национальный институт развития, уполномоченный на предоставление мер государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности и координацию процессов инновационного развития;

      4) инновационный грант – бюджетные средства, предоставляемые субъектам индустриально-инновационной деятельности на безвозмездной основе для реализации их индустриально-инновационных проектов в рамках приоритетных направлений предоставления инновационных грантов;

      5) заявитель – физическое и (или) юридическое лицо, представившее заявку на получение инновационного гранта.

2. Порядок оплаты услуг национального института развития в
области технологического развития по предоставлению
инновационных грантов

      3. Оплата услуг национального института развития в области технологического развития по предоставлению инновационных грантов осуществляется согласно смете расходов национального института развития в области технологического развития за счет средств, предусмотренных бюджетной программой в республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.

      Стоимость услуг национального института развития в области технологического развития включает в себя расходы на:

      1) информирование общественности о начале приема заявок, условиях их предоставления, консультации и разъяснительную работу с потенциальными заявителями;

      2) организацию процедуры предоставления инновационных грантов;

      3) мониторинг предоставленных инновационных грантов с целью анализа достижения запланированных целей по индустриально-инновационным проектам, по которым были предоставлены инновационные гранты.

      4. Оплата услуг национального института развития в области технологического развития по предоставлению инновационных грантов производится на основании подписанного акта выполненных работ между уполномоченным органом и национальным институтом развития в области технологического развития.

Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1191 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 ақпанда № 12989 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 366/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.10.2020 № 366/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2015 жылғы 29 қазандағы 100-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. "Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 140 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11311 болып тіркелген, 2015 жылы 25 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпараттық орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында ресми жариялауды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ ______________

      2015 жылғы 23 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ _______________

      2015 жылғы 21 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1191 бұйрығымен бекітілді

Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму
саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) грант алушы – инновациялық грант алған жеке немесе заңды тұлға;

      2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі - уәкілетті орган);

      3) технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға және инновациялық даму үрдістерін үйлестіруге уәкілетті ұлттық даму институты;

      4) инновациялық грант – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде олардың индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;

      5) өтінім беруші – инновациялық грантты алуға арнаған өтінім берген жеке және (немесе) заңды тұлға.

2. Технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты
қызметтеріне ақы төлеу тәртібі

      3. Инновациялық гранттарды беру жөніндегі технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу тиісті қаржы жылына бюджеттік бағдарламамен республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының шығыстар сметасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтерiнiң құны мыналарға:

      1) өтінімдер қабылдау, оларды беру тәртібі туралы жұртшылықты хабардар етуге, әлеуетті өтінім берушілермен консультациялар және түсіндіру жұмыстарына;

      2) инновациялық гранттарды беру рәсімін ұйымдастыруға;

      3) гранттар берілген индустриялық-инновациялық жобалар бойынша жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуді талдау мақсатында берілген инновациялық гранттарға мониторинг жүргізуге.

      4. Инновациялық гранттарды беру жөніндегі технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу уәкілетті орган мен технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты арасындағы орындалған жұмыстардың қол қойылған актісі негізінде жүргізіледі.