Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 450 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 қаршадағы № 932 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.11.2022 № 932 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 98-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К.Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 30 шілдедегі
№ 450 қаулысымен
бекітілген

Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесі

      1. Индустрияны дамыту саласында:

      "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.07.2019 № 546 қаулысымен.

      2. Технологиялық даму саласында:

      "QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамы

      "QazTech Ventures" акционерлік қоғамы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.07.2019 № 546; өзгеріс енгізілді - 23.12.2019 № 959 қаулыларымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2021 № 521 қаулысымен.

      3. Жергілікті қамтуды дамыту саласында:

      "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.07.2019 № 546 қаулысымен.

      4. Инвестициялар тарту саласында:

      "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы".

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 01.03.2017 № 100 қаулысымен.

      5. Экспортты дамыту және ілгерілету саласында:

      "KazakhExport" экспортты сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы;

      "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы;

      "QazTrade" cауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.09.2019 № 663 қаулысымен.

      6. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қолдау көрсету саласында:

      "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамы;

      "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы.

      7. Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тiкелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, технологиялық даму саласындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті заңды тұлғалар:

      "Астана Innovations" акционерлiк қоғамы;

      "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингi" акционерлiк қоғамы;

      "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлiк қоғамы;

      "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      "Байқоңыр (Байконур)" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      "Есіл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      "Түркістан" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 30 шілдедегі
№ 450 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 605 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 49, 669-құжат).

      2. "Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 605 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 41, 613-құжат).

      3. "Қазақэнергиясараптама" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 30 қарашадағы № 1294 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 68, 915-құжат).

      4. "Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 605 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 592 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 37, 358-құжат).

      5. "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1330 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 81, 699-құжат).

      6. "Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 605 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 731 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 47-48, 378-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады