Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Атбасарском районе

Решение Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 9 февраля 2015 года № 5С 31/5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 6 марта 2015 года № 4679. Утратило силу- решением Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 28 ноября 2018 года № 6С 25/5

      Сноска. Утратило силу – решением Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 28.11.2018 № 6С 25/5 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 50071), Атбасарский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула - в редакции решения Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 27.04.2016 № 6С 2/5 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      1. Определить порядок и размер оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Атбасарском районе согласно приложению 1.

      2. Признать утратившим силу некоторые решения Атбасарского районного маслихата согласно приложению 2.

      3. Настоящее решение вступает в действие со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
районного маслихата
Исмагулов Б.K.
      Секретарь Атбасарского
районного маслихата
Борумбаев Б.А.

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Атбасарского района А.Н.Никишов

      9 февраля 2015 года

  Приложение 1
к решению Атбасарского
районного маслихата
от 9 февраля 2015
года № 5С 31/5

Порядок и размер оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Атбасарском районе 1. Порядок назначения жилищной помощи

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Атбасарском районе.

      2. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) обращается в уполномоченный орган, осуществляющий назначение и выплату жилищной помощи, согласно Правил предоставления жилищной, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи".

      3. Прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется согласно стандарта государственной услуги "Назначение жилищной помощи", утвержденного приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11015).

      Сноска. Пункт 3 - в редакции решения Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 27.04.2016 № 6С 2/5 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      4. Назначение жилищной помощи производится на полный текущий квартал, при этом доходы семьи (граждан) и расходы на коммунальные услуги учитываются за истекший квартал.

      5. Расходы по коммунальным услугам берутся по предъявленным поставщикам счетам на оплату коммунальных услуг.

      6. Уполномоченным органов по назначению и выплате жилищной помощи определено государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Атбасарского района" (далее – уполномоченный орган).

      7. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня путем зачисления на лицевые счета заявителей.

2. Размер оказания жилищной помощи

      8. Совокупный доход семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом действующим законодательством.

      9. Доля предельно допустимых расходов:

      на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;

      арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, устанавливается к совокупному доходу семьи (гражданина) в размере 11 процентов.

      10. Оплата на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде и потребления коммунальных услуг сверх установленной нормы площади производится на общих основаниях. За норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается восемнадцать квадратных метров на человека. Для одиноко проживающих граждан за норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается тридцать квадратных метров.

      11. Расходы потребления электроэнергии, холодной воды, канализации, горячей воды, мусороудаления и теплоснабжения, оплачиваются по фактическим затратам за предыдущий квартал.

      12. Компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифа абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам".

  Приложение 2
к решению Атбасарского
районного маслихата
от 9 февраля 2015
года № 5С 31/5

Перечень утративших силу некоторых решений Атбасарского районного маслихата

      1. Решение Атбасарского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Атбасарском районе" от 27 июня 2012 года № 5С 7/4 (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1-5-188, опубликовано от 27 июля 2012 года в газетах "Атбасар", "Простор").

      2. Решение Атбасарского районного маслихата "О внесении изменений в решение Атбасарского районного маслихата от 27 июня 2012 года № 5С 7/4 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Атбасарском районе" от 9 ноября 2012 года № 5С 10/3 (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3515, опубликовано от 14 декабря 2012 года в газетах "Атбасар", "Простор").

      3. Решение Атбасарского районного маслихата "О внесении изменений в решение Атбасарского районного маслихата от 27 июня 2012 года № 5С 7/4 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Атбасарском районе" от 25 апреля 2013 года № 5С 15/7 (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3748, опубликовано от 7 июня 2013 года в газетах "Атбасар", "Простор").

      4. Решение Атбасарского районного маслихата "О внесении изменений в решение Атбасарского районного маслихата от 27 июня 2012 года № 5С 7/4 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Атбасарском районе" от 11 апреля 2014 года № 5С 23/4 (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4172, опубликовано от 23 мая 2014 года в газетах "Атбасар", "Простор").

Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 9 ақпандағы № 5С 31/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 наурызда № 4679 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы мәслихатының 2018 жылғы 28 қарашадағы № 6С 25/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 28.11.2018 № 6С 25/5 (арнайы жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 50071 тіркелген) қаулысына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 27.04.2016 № 6С 2/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Атбасар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші 2 қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясынын төрағасы
Исмағұлов Б.Қ.
      Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Борұмбаев Б.А.

      "Келісілді"

      Атбасар ауданының әкімі А.Н.Никишов

      9 ақпан 2015 жыл

  2015 жылғы 9 ақпандағы № 5С 31/5
Атбасар аудандық мәслихатының
шешіміне 1 қосымша

Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері 1. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Атбасар ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бектілген, Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне сәйкес тұғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді іске асыратын уәкілетті органға жүгінеді.

      3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 27.04.2016 № 6С 2/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Тұрғын үй көмегі толық ағымдағы тоқсанға тағайындалады, бұл ретте отбасының (азаматтардың) өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.

      5. Коммуналдық қызметтер көрсету бойынша шығындар, коммуналдық қызметтер төлемақысына жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша алынады.

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган ретінде "Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындалды.

      7. Уәкілетті орган аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің дербес шотына аудару жолымен жүзеге асырады.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      8. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен қолданыстағы заңнамамен анықталған тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша есептеледі.

      9. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:

      жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;

      тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақы, отбасының (азаматтың) жиынтық кірісінің 11 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      10. Жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемнің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр.

      11. Электрқуатты, суық суды, ыстық суды, кәрізді, қоқысты әкету және жылуды тұтыну шығындары алдынғы тоқсандағы нақты шығындары бойынша төленеді.

      12. Телекоммуникациялар желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң көтерiлуiне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу ережесі негізінде жүргізіледі.

  2015 жылғы 9 ақпандағы № 5С 31/5
Атбасар аудандық мәслихатының
шешіміне 2 қосымша

Атбасар аудандық мәслихатының күшін жойған кейбір шешімдерінің тізімдері

      1. Атбасар аудандық мәслихатының "Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5С 7/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-188 тіркелген, 2012 жылғы 27 шілдеде "Атбасар", "Простор" газеттерінде жарияланған).

      2. Атбасар аудандық мәслихатының "Атбасар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5С 7/4 "Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2012 жылғы 9 қарашадағы № 5С 10/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3515 тіркелген, 2012 жылғы 14 желтоқсанда "Атбасар", "Простор" газеттерінде жарияланған).

      3. Атбасар аудандық мәслихатының "Атбасар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5С 7/4 "Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 5С 15/7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3748 тіркелген, 2013 жылғы 7 маусымда "Атбасар", "Простор" газеттерінде жарияланған).

      4. Атбасар аудандық мәслихатының "Атбасар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5С 7/4 "Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 5С 23/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4172 тіркелген, 2013 жылғы мамырда "Атбасар", "Простор" газеттерінде жарияланған).