Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 09.02.2015 № 5С 31/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 25.04.2013 № 5С 15/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 25.04.2013 № 5С 15/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Қосымшаға сәйкес Атбасар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Ахметов А.Б.
Атбасар аудандық
мәслихаттың хатшысы Борұмбаев Б.А.
«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар ауданының
әкімі Е.Сағдиев
Атбасар аудандық мәслихатының
2012 жылғы 27 маусымдағы
№ 5С 7/4 шешіміне қосымша
Атбасар аудандық мәслихатының
күшін жойған кейбір шешімдерінің
тізімдері
1. Атбасар аудандық мәслихатының «Тұрғын үй ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С 4/6, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-89 тіркелген, 2008 жылғы 1 ақпанда «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешімі.
2. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы «Тұрғын үй ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» № 4С 4/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 4С 17/5, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-116 тіркелген, 2009 жылғы 15 мамырда «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешімі.
3. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы «Тұрғын үй ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне аз қамтлыған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» № 4С 4/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 19 қазандағы № 4С 21/6, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-123 тіркелген, 2010 жылғы 15 қаңтарда «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешімі.
4. Атбасар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 шілдедегі № 4С 28/7 «Атбасар аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы «Тұрғын үй ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» № 4С 4/6 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-142 тіркелген, 2010 жылғы 3 қыркүйекте «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешімі.
Атбасар аудандық мәслихатының
2012 жылғы 27 маусымдағы
№ 5С 7/4 шешімімен
бекітілді
Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
Қағидасы
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 25.04.2013 № 5С 15/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленген және Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 25.04.2013 № 5С 15/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі Атбасар ауданы мен Атбасар қаласының аумағында тұрақты тұратын меншік иелері немесе тұрғын үйді жалдаушы (қосымша жалдаушы) болып табылатын тұлғаларға, егер тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуды төлеуге шығындар отбасының (азаматтардың) бюджетінің осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен асатын жағдайда ұсынылады.
Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісінің 11 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Ескерту. Қағиданың 1 тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 11.04.2014 № 5С 23/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі.
3. Телефонға абоненттік төлемдердің тарифтерін жоғарылату өтемақысы тұрғын үй көмегін алатын әлеуметтік қорғалған, қалалық телекоммуникация байланысының абоненттері болып табылатын азаматтарға ұсынылады.
Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемнің нормасы 1 адамға 18 шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 30 шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес.
Коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормативтері (сумен қамту, газбен қамту, канализация, жылу қуаты, электр қуаты, қоқыс) нақты пайдаланғанына қарай белгіленеді.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу
4. Тұрғын үй жердемақысы өтініш берілген күнге байланысты емес ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
5. Отбасының табыстары, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлемдерінің тарифтері өзгерген кезде «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеулер жүргізеді.
6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Ескерту. Қағиданың 6 тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 11.04.2014 № 5С 23/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
7. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға өтемақы алуға құқығы бар отбасылар (азаматтар) 6 тармақта көзделген құжаттармен қоса қосымша келесілерді ұсынады:
1) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
2) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот.
8. Телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтері төлемдері шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар отбасылар (азаматтар) 6 тармақта карастырылған құжаттардан басқа келесілерді ұсынады:
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсету шартының көшірмесі.
9. Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемдері шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар отбасылар (азаматтар) 6 тармақта көзделген құжаттардан басқа келесілерді ұсынады:
жергілікті атқарушы орган ұсынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемінің мөлшері туралы шоттар.
10. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі қоса ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге сол күні қайтарылады.
11. Қайта өтініш берген кезде 6 тармағындағы 1, 2, 3, 4 тармақшаларында көрсетілген құжаттар өзгерістер туындаған жағдайда ұсынылады.
12. Тұрғын үй көмегi меншiгiнде бiр бiрлiктен көп тұрғын үйi (пәтер, үй) немесе тұрғын үйiн жалға беретiн, сондай-ақ еңбекке жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, күндiзгi бөлiмде оқымайтын, әскер қатарында емес және «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде жұмыссыз ретiнде тiркелмеген мүшелерi бар отбасылардан (күтiм көрсетуге мұқтаж адамдардың күтiмiн жүзеге асыратын азаматтардан басқалары) басқа аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) әр тоқсан сайын тағайындалады.
13. Уәкілетті органмен мемлекеттік қызметтерді ұсыну келесі жағдайларда бас тартылады, егер күрделі жөндеу жұмыстары төлемдер және (немесе) кондоминимум объектілерінен жалпы мүлікті күрделі жөндеуге жинақталған қаражатқа жарна тұрғын үй көмегi тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемдері, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының тұтыну нормалары шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырмадан аспаса.
14. Өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі он күнтізбелік күн ішінде қарастырып тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді шығарады.
15. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы немесе бас тарту туралы хабарлама «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінген кезде тікелей өзі баруы немесе пошталық хабарлама арқылы жасалады;
16. Ұсынылған ақпараттың сенімділігіне күдік туындаған жағдайда «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізуге өкілетті органдарға жібереді. «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегін тағайындалуына әкелген әдейі жалған мәліметтер берілсе, заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
17. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем түрінде белгіленеді, екінші деңгейдегі банктер арқылы тағайындалатын сомалар алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.
3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу.
18. «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Бұйрығы негізінде есептейді.