О повышении ставок единого земельного налога и земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения в Астраханском районе

Решение Астраханского районного маслихата Акмолинской области от 27 мая 2015 года № 5С-42-6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 8 июля 2015 года № 4860. Утратило силу решением Астраханского районного маслихата Акмолинской области от 27 апреля 2016 года № 6С-3-9

      Сноска. Утратило силу решением Астраханского районного маслихата Акмолинской области от 27.04.2016 № 6С-3-9 (вступает в силу и вводится в действие со дня подписания).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 1-1 статьи 387, пунктом 1 статьи 444 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Астраханский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Повысить ставки единого земельного налога в десять раз на не используемые земли сельскохозяйственного назначения Астраханского района.
      2. Повысить ставки земельного налога в десять раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.
      Председатель сессии
Астраханского районного
маслихата
Н.Сембаев
      Секретарь Астраханского
районного маслихата
В.Собеский

      СОГЛАСОВАНО
      Аким Астраханского района Т.Ерсеитов

      27.05.2015

Астрахан ауданында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығын және жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 5С-42-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 шілдеде № 4860 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 6С-3-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 27.04.2016 № 6С-3-9 (қол қойған күннен бастап күшіне енеді және ықпал етеді) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына, 444 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Астрахан ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есе жоғарылатылсын.
      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесі он есе жоғарылатылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Астрахан аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
Н.Сембаев
      Астрахан аудандық
мәслихатының хатшысы
В.Собеский

      КЕЛІСІЛДІ
      Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов

      27.05.2015