1. Астрахан аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Астрахан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 5С-42-6 "Астрахан ауданында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығын және жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4860 тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдедегі аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) шешімі;
2) Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 5С-27-3 "Астрахан ауданының Астрахан селосы мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4108 тіркелген, 2014 жылғы 9 мамырдағы аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) шешімі;
3) Астрахан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 ақпандағы № 5С-40-5 "Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 5С-27-3 "Астрахан ауданының Астрахан селосы мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4711 тіркелген, 2014 жылғы 9 мамырдағы аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім қол қойған күннен бастап күшіне енеді және ықпал етеді.
Астрахан аудандық мәслихатының сессия төрағасы, мәслихатының хатшысы |
М. Қожахмет |