Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2015 года

Постановление акимата Хромтауского района Актюбинской области от 18 марта 2015 года № 89. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 30 марта 2015 года № 4265. Утратил силу постановлением акимата Хромтауского района Актюбинской области от 26 января 2016 года № 18

      Сноска. Утратил силу постановлением акимата Хромтауского района Актюбинской области от 26.01.2016 № 18.
      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих", Указом Президента Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года №1011 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2015 года", постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 марта 2015 года №135 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года №1011 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2015 года", акимат Хромтауского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Организовать и обеспечить проведение призыва на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2015 года граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, а также граждан, отчисленных из учебных заведений, не достигших двадцати семи лет и не выслуживших установленные сроки воинской службы по призыву.
      Расходы в связи с выполнением мероприятий по проведению призыва осуществляются за счет средств местного бюджета.
       Рекомендовать:
      1) государственному казенному коммунальному предприятию "Хромтауская центральная районная больница" (по согласованию) провести мероприятия по призыву;
      2) государственному учреждению "Отдел внутренних дел Хромтауского района" (по согласованию) осуществлять розыск и задержание лиц, уклоняющихся от выполнения воинской обязанности;
      3) государственному учреждению "Отдел по делам обороны Хромтауского района" (по согласованию) совместно с государственными учреждениями обеспечить организацию и проведение мероприятий связанных с призывом в рамках компетенции предусмотренных законодательством Республики Казахстан.
       Акимам сельских округов, руководителям предприятий, учреждений, организаций и учебных заведений обеспечить оповещение призывников о вызове их на призывной пункт и своевременное прибытие лиц по этому вызову.
       Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Н.Аспенова и начальника государственного учреждения "Отдел по делам обороны Хромтауского района" А.Кумарова.
       Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правовые отношения возникшие с 1 апреля 2015 года.
      Аким района А. Усмангалиев

2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 89 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 наурызда № 4265 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 18 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 26.01.2016 № 18 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 135 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
       Шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
       Ұсынылсын:
      1) "Хромтау аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;
      2) "Хромтау аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;
      3) "Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзіреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етсін.
       Ауылдық округтер әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырылушыларға оларды шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша адамдардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
       Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Аспеновке және "Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Кумаровке жүктелсін.
       Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі А. Усмангалиев