Хромтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 18 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" заңының 21-1 бабына сәйкес Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәкес Хромтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы.
      2. Осы қаулының көшірмелері мүдделі органдарға жолдансын.
      Аудан әкімі А.Усмангалиев

  Хромтау ауданы әкімдігінің
  2016 жылғы "26" қаңтардағы
  № 18 қаулысына қосымша

"Хромтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" қаулылардың тізбесі


Қаулы №
Қабылдаған күні
Қаулының атауы
1
217
10.07.2015ж
"Хромтау қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар белгілеу туралы"
(Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 шілдеде № 4440 ) болып тіркелді
2
89
18.03.2015ж
"2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 наурызда № 4265) болып тіркелді
3
263
24.08.2015ж
"Хромтау ауданы бойынша 2015 жылға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қыркүйекте № 4520 болып тіркелді

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады