О повышении ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Алакольскому району

Решение Алакольского районного маслихата Алматинской области от 21 сентября 2015 года № 53-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 28 октября 2015 года № 3504. Утратило силу решением Алакольского районного маслихата Алматинской области от 1 апреля 2016 года № 2-3

      Сноска. Утратило силу решением Алакольского районного маслихата Алматинской области от 01.04.2016 № 2-3.
      В соответствии с пунктом 1-1 пункта статьи 387, пунктом 1 статьи 444 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый Кодекс)" и статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Алакольский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Повысить ставки земельного налога и единого земельного налога в десять раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения по Алакольскому району.
      2. Возложить на руководителя государственного учреждения "Отдел земельных отношений Алакольского района" (по согласованию Д.Оспанов) опубликование настоящего решения после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе районного маслихата.
      3. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию "По вопросам транспорта, связи, строительства, сельского хозяйства и экологии".
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии
      районного маслихата Байбазаров С.М
      Секретарь
      районного маслихата Сейрбаев Б.Т.

Алакөл ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 53-2 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 28 қазанда № 3504 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 2-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 01.04.2016 № 2-3 шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-1 тармағына және 444-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алакөл ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. "Алакөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Д.Оспанов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл аудандық мәслихаттың "Көлік, байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы және экология жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы Байбазаров С.М
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Сейрбаев Б.Т