Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Ескельдинского района

Решение Ескельдинского районного маслихата Алматинской области от 09 февраля 2015 года № 48-259. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 18 февраля 2015 года № 3067. Утратило силу решением Ескельдинского районного маслихата Алматинской области от 7 октября 2020 года № 72-403

      Сноска. Утратило силу решением Ескельдинского районного маслихата Алматинской области от 07.10.2020 № 72-403 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 238 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и пункта 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Ескельдинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Установить специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах, а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях, финансируемых из местных бюджетов, за счет средств районного бюджета повышенные на двадцать пять процентов оклады и тарифные ставки по сравнению со ставками специалистов, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Ескельдинского районного маслихата "По социальной защите населения, образования, здравоохранения, спорта, сфере культуры и делам молодежи".
      3. Возложить на руководителя отдела (по согласованию Алимбаев С.М.) опубликование настоящего решения после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе районного маслихата.
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Шалимбетов К.
      Секретарь маслихата Тастанбаев К.

Ескелді ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандарына жиырма бес пайызға жоғарлатылған айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2015 жылғы 09 ақпандағы № 48-259 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 ақпанда № 3067 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 72-403 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 07.10.2020 № 72-403 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк ставкалар аудандық бюджет қаражаты есебінен белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескелді аудандық мәслихатының "Халықты әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласы және жастар ісі жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Бөлім басшысына (келісім бойынша С.М. Әлімбаев) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудандық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Шәлімбетов
      Мәслихат хатшысы Қ. Тастанбаев