Ескелді ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 72-403 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 19 қазанда № 5714 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.

      2. Ескелді аудандық мәслихатының "Ескелді ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандарына жиырма бес пайызға жоғарлатылған айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" 2015 жылғы 09 ақпандағы № 48-259 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3067 тіркелген, 2015 жылдың 11 наурызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескелді аудандық мәслихатының "Экономика, қаржы, бюджет және заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескелді аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы Г. Нам
      Ескелді аудандық мәслихатының хатшысы К. Алпысбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады