О внесении изменения в решение Райымбекского районного маслихата от 30 марта 2015 года № 43-227 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)Райымбекского района"

Решение Райымбекского районного маслихата Алматинской области от 25 мая 2015 года № 45-244. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 16 июня 2015 года № 3225. Утратило силу решением Райымбекского районного маслихата Алматинской области от 6 февраля 2024 года № 18-104

      Сноска. Утратило силу решением Райымбекского районного маслихата Алматинской области от 06.02.2024 № 18-104 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", со статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах", постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2014 года № 185 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства", приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде", Райымбекский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Райымбекского районного маслихата от 30 марта 2015 года № 43-227 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Райымбекского района" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 20 апреля 2015 года № 3143, опубликованного в газете "Хантанири" от 19 мая 2015 года № 19 (7869)) следующее изменение:
      в приложении указанного решения подпункт 7) пункта 1 изложить в новой редакции:
      "7) расходы на содержание общего имущества объекта кондоминиума - обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, на приобретение, установку, эксплуатацию и проверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;".
      2. Возложить на руководителя государственного учреждения "Райымбекский районный отдел занятости и социальных программ" Зыкаева Халыка Сансызбаевича опубликование настоящего решения после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе районного маслихата.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Райымбекского районного маслихата "По средствам массовой информации, сохранению общественного порядка и работы с общественными объединениями, защите прав и законных интересов граждан, языку, культуре, спорту, здравоохранению, образованию, занятости, социальной защите населения".
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата Л.Нусипкожаева
      Секретарь
      Райымбекского Райымбекского
      районного маслихата Е.Кудабаев

Райымбек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы "Райымбек ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" № 43-227 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 мамырдағы № 45-244 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 16 маусымда № 3225 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 ақпандағы № 18-104 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 06.02.2024 № 18-104 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының бұйрығына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Райымбек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы "Райымбек ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 20 сәуірінде № 3143 тіркелген, "Хантәңірі" газетінде 2015 жылдың 19 мамырында № 19 (7869) жарияланған) № 43-227 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешім қосымшасының 1-тармағының 7) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін болашақта жүргізілетін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған шығыстарының міндетті сомасы;".
      2. "Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Зыкаев Халық Сансызбаевичке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Райымбек аудандық мәслихатының "Халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, тіл, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Райымбек аудандық мәслихаты
      сессиясының төрайымы Л. Нусипкожаева
      Райымбек аудандық
      мәслихатының хатшысы Е. Құдабаев