О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) обучающихся очной формы обучения на февраль, март, апрель, май месяцы 2015 года

Решение ХLIV сессии V созыва Карагандинского городского маслихата от 25 февраля 2015 года № 417. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 26 февраля 2015 года № 2997. Прекращено действие в связи с истечением срока, на который решение было принято (письмо Карагандинского городского маслихата от 1 июня 2015 года № 2-34/253)

      Сноска. Прекращено действие в связи с истечением срока, на который решение было принято (письмо Карагандинского городского маслихата от 01.06.2015 № 2-34/253).

      В соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан от 21 сентября 1994 года "О транспорте в Республике Казахстан", подпунктом 5) пункта 2 статьи 22 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте", подпунктом 2) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" Карагандинский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Установить на февраль, март, апрель, май месяцы 2015 года льготный проезд на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) следующим категориям обучающихся города Караганды:
      1) обучающимся общеобразовательных учебных заведений с первого (старше 7 лет) по восьмой класс включительно с оплатой 50% от полной стоимости билета;
      2) обучающимся общеобразовательных учебных заведений с девятого по одиннадцатые классы, колледжей и в высших учебных заведениях очной формы обучения всех форм собственности с приобретением льготного проездного билета длительного пользования на определенный календарный срок.
      2. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию по вопросам труда, развития социальной сферы, социальной защиты населения (председатель Мухтаров Жандил Ахуанович).
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 февраля 2015 года.

      Председатель сессии

В. Крючков

      Секретарь городского маслихата

К. Оспанов

       Согласовано:

      Руководитель
      государственного учреждения
      "Отдел образования города
      Караганды"

Д. Жекебаев

       25 февраля 2015 года

      Исполняющий обязанности
      руководителя
      государственного учреждения
      "Отдел коммунального хозяйства,
      пассажирского транспорта и
      автомобильных дорог города
      Караганды"

Е. Кисраунов

       25 февраля 2015 года

Күндізгі оқу нысанында оқитын білім алушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) 2015 жылғы ақпан, наурыз, сәуір, мамыр айларында жеңілдікпен жол жүруі туралы

Қарағанды қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы V шақырылған XLIV сессиясының № 417 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 ақпанда № 2997 болып тіркелді. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты әрекетін тоқтатты - (Қарағанды қалалық мәслихатының 2015 жылғы 1 маусымдағы № 2-34/253 хаты)

      Ескерту. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты әрекетін тоқтатты - (Қарағанды қалалық мәслихатының 01.06.2015 № 2-34/253 хаты).

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 22 бабы 2 тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды қаласында оқитындардың келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) 2015 жылдың ақпан, наурыз, сәуір, мамыр айларында жеңілдікпен жол жүруі белгіленсін:
      1) жалпы білім беретін оқу орындарының бірінші сыныптан (7 жастан үлкен) сегізінші сыныпқа дейін қоса алғанда білім алушыларына – билеттің толық құнының 50% төлеумен;
      2) жалпы білім беретін оқу орындарының тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейін қоса алғанда, күндізгі оқу нысанындағы, колледждер мен жоғары оқу орындарына оқитындарға белгілі күнтізбелік мерзімге арналған жеңілдікті ұзақ пайдаланудағы жол жүру билетін сатып алумен.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Мухтаров Жандил Ахуанович) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 ақпаннан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
 
 

      Сессия төрағасы

В. Крючков

      Қалалық мәслихат хатшысы

Қ. Оспанов

      Келісілді:
 
 

      "Қарағанды қаласының білім
      бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы

Д. Жекебаев

       2015 жылғы 25 ақпан
 
 

      "Қарағанды қаласының коммуналдық
      шаруашылығы, жолаушылар көлігі
      және автомобиль жолдары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысының міндетін атқарушы

Е. Қысраунов

       2015 жылғы 25 ақпан