Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества

Постановление акимата города Сатпаев Карагандинской области от 28 октября 2015 года № 25/04. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 2 декабря 2015 года № 3527

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2011 года № 920 "Об утверждении Правил продажи объектов приватизации" и пунктом 3 Комплексного плана приватизации на 2014 - 2016 годы, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2014 года № 280 "О некоторых вопросах приватизации" акимат города Сатпаев ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить критерии по выбору видов отчуждения коммунального имущества согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города А.А. Ким.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 

      Аким

Ә.С. Омар



Приложение
к постановлению акимата
города Сатпаев
от 28 октября 2015 года
№ 25/04

Критерии по выбору видов отчуждения
коммунального имущества

№ п\п
 

Наименование критериев
 

Виды отчуждения
 

1
 

Отсутствие заинтересованности государства в дальнейшем контроле над объектом приватизации;
необходимость получения денежных средств, в бюджет от продажи объекта приватизации в установленные законодательством сроки;
необходимость реализации объекта приватизации по максимально возможной цене и привлечения широкого круга участников торгов.
 

Проведение торгов в форме аукциона
 

2
 

Необходимость получения денежных средств, в бюджет от продажи объекта приватизации в установленные законодательством сроки;
необходимость сохранения контроля государства над объектом приватизации на определенный период времени путем установления условий продажи (сохранение профиля деятельности, погашение кредиторской задолженности, погашение задолженности по заработной плате и другие условия);
необходимость реализации объекта приватизации по максимально возможной цене.
 

Проведение торгов в форме коммерческого тендера
 

3
 

Необходимость сохранения на определенный период времени контроля государства за выполнением условий договора доверительного управления, имущественного найма (аренды) с правом последующего выкупа доверительным управляющим, нанимателем (арендатором).
 

Прямая адресная продажа
 


Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 25/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 желтоқсанда № 3527 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 "Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарының 3 тармағына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А. Кимге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Әкім

Ә.С. Омар



Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2015 жыл 28.10
№ 25/04 қаулысына
қосымша

Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер

№ р/с
 

Критерийлер атауы
 

Иеліктен айыру түрлері
 

1
 

Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесінің болмауы;
заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
ең жоғары мүмкін баға бойынша жекешелендіру объектісін сату және саудаға қатысушылардың кең тобын тарту қажеттілігі.
 

Сауданы аукцион нысанында өткізу
 

2
 

Заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы төлемдері бойынша берешектерді өтеу және өзге де шарттар);
ең жоғары баға бойынша жекешелендіру объектісін сату қажеттілігі.
 

Сауданы коммерциялық тендер нысанында өткізу
 

3
 

Сенімгерлік басқарудың, сенімгер басқарушымен, жалға алушымен (жалдаушымен) кейін сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының талаптарын орындау үшін мемлекеттің бақылауын белгілі бір уақыт ішінде сақтау қажеттілігі.
 

Тікелей атаулы сату