Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества

Постановление акимата Осакаровского района Карагандинской области от 12 октября 2015 года № 52/02. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 12 ноября 2015 года № 3493

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2011 года № 920 "Об утверждении Правил продажи объектов приватизации" акимат Осакаровского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить прилагаемые критерии по выбору видов отчуждения районного коммунального имущества (далее - Объект) согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
 

      Исполняющий обязанности
акима района

Н. Ламбеков



Приложение
к постановлению акимата Осакаровского района
от 12 октября 2015 года
№ 52/02

Критерии по выбору видов отчуждения
коммунального имущества


 

Наименование критерия
 

Вид отчуждения
 

1.
 

Отсутствие заинтересованности государства в дальнейшем контроле над Объектом (условия не выставляются).
Необходимость реализации Объекта по максимально возможной цене и привлечения широкого круга участников торгов.
 

проведение торгов в форме аукциона
 

2.
 

Необходимость установления условий продажи Объекта (сохранение профиля деятельности, погашение кредиторской задолженности, погашение задолженности по заработной плате и другие условия). Необходимость реализации Объекта по максимально возможной цене.
 

проведение торгов в форме коммерческого тендера
 

3.
 

Выполнение условий договора доверительного управления, имущественного найма (аренды) с правом последующего выкупа доверительным управляющим, нанимателем (арендатором).
 

прямая адресная продажа
 

4.
 

Соответствие объекта требованиям фондовой биржи. Необходимость привлечения широкого круга участников торгов, включая иностранных инвесторов.
 

проведение торгов на фондовой бирже
 


Коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 52/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 қарашада № 3493 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған коммуналдық мүлікті (бұдан әрі - Объект) иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлер анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы

Н. Ламбеков



Осакаров ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 12 қазандағы
№ 52/02 қаулысына
қосымша

Коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлер


 

Критерия атауы
 

Мүлікті мүліктен
айыру түрі
 

1.
 

Объектіні одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігінің болмауы (шарттар қойылмайды). 
Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.
 

сауда-саттықты аукцион нысанында өткізу
 

2.
 

Объектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі.
Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату қажеттілігі.
 

сауда-саттықты коммерциялық тендер нысанында өткізу
 

3.
 

Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау.
 

тікелей атаулы сатылым
 

4.
 

Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі.
Шетелдік инвесторларды қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.
 

сауда-саттықты қор биржасында өткізу