О внесении изменений в решение районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 17/111 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Тупкараганского районного маслихата от 02 марта 2015 года № 28/193. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 26 марта 2015 года № 2646. Утратило силу решением Тупкараганского районного маслихата Мангистауской области от 10 декабря 2020 года № 50/369

      Сноска. Утратило силу решением Тупкараганского районного маслихата Мангистауской области от 10.12.2020 № 50/369(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и от 6 мая 2020 года "О ветеранах", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Тупкараганский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула - в редакции решения Тупкараганского районного маслихата Мангистауской области от 02.10.2020 № 48/356(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Внести в решение Тупкараганского районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 17/111 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2330, опубликовано в информационно–правовой системе "Әділет" от 17 января 2014 года) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан:

      в пункте 10:

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) 9 мая – День Победы:

      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны – в размере 100 (сто) месячных расчетных показателей;

      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к инвалидам Великой Отечественной войны (кроме лиц, ставших инвалидами вследствие ликвидации аварии на Чернобыльской атомной электро станции) – в размере 60 (шестьдесят) месячных расчетных показателей;

      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны (кроме участников ликвидации аварии на Чернобыльской атомной электро станции в 1986–1987 годах) – в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также лица, проработавшие (прослужившие) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – в размере 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      родителям и не вступившие в повторный брак вдовам воинов, погибших (умерших, пропавших без вести) в Великой Отечественной войне – в размере 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      семьям военнослужащих, сотрудникам специальных органов погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия – в размере 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      семьям военнослужащих, сотрудников специальных государственных органов, погибших (умерших) при прохождении воинской службы, службы в специальных государственных органах в мирное время – в размере 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      семьям сотрудников органов внутренных дел, погибших при исполнении служебных обязанностей – в размере 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      семьям, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электро станции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения – в размере 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      семьям умерших вследствие лучевой болезни или умерших инвалидов, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской атомной электро станции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаний – в размере 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      не вступившим в повторный брак женам (мужьям) умерших инвалидов войны и приравненных к ним инвалидов, а также женам (мужьям) умерших участников войны, партизан, подпольщиков, граждан, награжденных медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных) – в размере 40 (сорок) месячных расчетных показателей;";

      подпункт 5) изложить в следующей редакции:

      "5) 1 октября – Международный день пожилых людей:

      получателям социального государственного пособия по возрасту и пенсионерам по возрасту старше 70 лет – 2 (два) месячных расчетных показателей;";

      подпункт 4) пункта 11 исключить.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Тупкараганского районного маслихата" (А.Избен) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официального опубликования в средствах массовой информации и размещения в информационно–правовой системе "Әділет".

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по социальным вопросам Тупкараганского районного маслихата (председатель комиссии О.Абдирахманов).

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

А.Шарипов

Секретарь районного


маслихата

А.Досанова


      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного

      учреждения "Тупкараганский

      районный отдел занятости

      и социальных программ"

      М.Дощанов

      2 марта 2015 года

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного

      учреждения "Тупкараганский

      районный отдел экономики и

      финансов"

      Ж.Толеген

      2 марта 2015 года

Аудандық мәслихаттық 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 02 наурыздағы № 28/193 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 наурызда № 2646 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 50/369 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 10.12.2020 № 50/369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 02.10.2020 № 48/356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2330 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтарда "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:

      10 тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) 9 – Мамыр Жеңіс күні;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға (Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жою салдарынан мүгедек болған адамдардан басқа) – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға (1986–1987 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылардан басқа) – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай–ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің ата–аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар–ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бейбіт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай–ақ қайтыс болуы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің әйелі (ері), сондай–ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғынына" белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы сырқаттанудың, еңбекте мертігудің және басқа да себептердің (құқыққа қарсыларын қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйеліне (еріне) – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) 1 – қазан – Халықаралық қарттар күні:

      жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 жастан асқан зейнеткерлерге – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      11 тармағының 4) тармақшасы алынып тасталсын.

      . "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.Ізбен) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы О.Әбдірахманов) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

А.Шарипов

Аудандық мәслихат хатшысы

А.Досанова


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      М.Дощанов

      2 наурыз 2015 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы:

      Ж.Төлеген

      2 наурыз 2015 жыл