Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 06 қаңтарда № 2330 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 50/369 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 10.12.2020 № 50/369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 02.10.2020 № 48/355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 2 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 20.07.2018 № 22/193 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Сессия төрағасы: О. Әбдірахманов
     
      Аудандық мәслихат хатшысы: А. Досанова

      "КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы:
О. Жарылғапова
11 желтоқсан 2013 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы:
Ж. Төлеген
11 желтоқсан 2013 жыл


  Түпқараған аудандық мәслихатының
2013 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 17/ 111 шешімімен бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы

      Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы", 1997 жылғы 16 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11745 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 02.10.2020 № 48/355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы Қағида әлеуметтік көмек көрсетуді, оның мөлшерлерін белгілеуді және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      3. Осы Қағидада қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасының тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төменгі күнкөріс деңгейі – Маңғыстау облысының статистикалық органы есептейтін, мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының айлық жиынтық табысының отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс - тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);

      8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының Түпқараған ауданының бөлімі;

      9) алып тасталды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандақ мәслихатының 03.10.2016 № 5/41 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Осы Қағидада қолданылатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген мазмұнда қолданылады.

      Ескерту. 3 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 29.06.2015 № 31/210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2016 № 4/32(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.10.2016 № 5/41(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2018 № 25/208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      4. Осы Қағида әкімшіліктік-аумақтық бірліктерге сәйкес Түпқараған ауданында тұрақты тұратын тұлғаларға қолданылады.

      5. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушыларға) өмірлік қиын жағдай туындағанда, сондай- ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда берілетін көмек түсініледі.

      6. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16 - бабында және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 10 - бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидада көзделген тәртіппен беріледі.

      Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 02.10.2020 № 48/355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет) беріледі.

      8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Маңғыстау облысының әкімдігі бекіткен ереже негізінде жүзеге асырады.

      Учаскелік және арнайы комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.

2. Адам (отбасы) өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін негіздер:

      9. Адам (отбасы) мынадай:

      1) жетімдік;

      2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;

      4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі;

      5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

      6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс тіршілігінің шектелуі;

      7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне - өзі күтім жасай алмауы;

      8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;

      9) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;

      11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде болу;

      12) күн көрісі төмен болу негіздері бойынша өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін.

3. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу тәртібі

      10. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек жылына бір рет табыстарын есепке алмай, келесі мөлшерде көрсетіледі:

      1) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, бірінші және екінші дәрежедегі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандарға - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;

      барлық топтың мүгедектеріне, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      2) 26 сәуір - Чернобыль атом электр станциясындағы апат күні:

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жою салдарынан мүгедек болған адамдарға - 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986-1987 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушыларға - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушыларға - 20 (жиырма ) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) 9 – мамыр Жеңіс күні;

      Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне – 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға (Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жою салдарынан мүгедек болған адамдардан басқа) – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға (1986-1987 жылдарға Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылардан басқа) – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай–ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бейбiт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбы) - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:

      асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (балаларға) алушыларға – 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш;

      барлық топтың мүгедектеріне, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      5) 1 – қазан – Халықаралық қарттар күні:

      жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 жастан асқан зейнеткерлерге – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) 6 қазан - Қазақстан Республикасының мүгедектер күні:

      барлық топтың мүгедектеріне, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      7) 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:

      барлық топтың мүгедектеріне, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      8) 1 маусым - Балаларды қорғау күні:

      он алты жасқа дейiнгi мүгедек балаларға және он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедек балаларға - 5 (айлық) есептік көрсеткіш;

      9) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні:

      барлық топтың мүгедектеріне, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      10) алып тасталды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандақ мәслихатының 03.10.2016 № 5/41 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11) 29 тамыз - Дүниежүзілік ядролық қарудан бас тарту күні:

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға жеңілдіктер мен өтемақылар алу құқығын растайтын куәлігін ұсынған жағдайда - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Ескерту. 10 тармаққа өзгерістер, толықтырулар енгізілді - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 09.06.2014 № 22/157; 02.03.2015 № 28/193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.05.2015 № 30/206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.10.2016 № 5/41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.05.2017 № 11/95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.02.2018 № 17/142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 29/239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.10.2020 № 48/355 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      11. Өмірлік қиын жағдайда деп танылған азаматтарға әлеуметтік көмек:

      1) мемлекеттік зейнетақы, жәрдемақы берілмеген кезде әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы: онкологиялық ауруларға, мамандандырылған және туберкулезге қарсы медициналық ұйымдардан шыққандарға, иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға, табысын есепке алмай, жылына бір рет - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) 18 жасқа дейінгі үйде оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек табысы есепке алмай ай сайын - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасыға) немесе оның мүлкіне зиян келтірілген тұлғаларға табысын есепке алмай, өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей, бір мезгіл – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) алып тасталды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандақ мәслихатының 02.03.2015 № 28/193 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттіліктерге, емделуге, дәрі – дәрмек, оқу құрал – жарақтарын алуға, отбасының бір мүшесі қайтыс болуына байланысты әлеуметтік көмек жылына бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шектік шамада беріледі.

      6) ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттен қарастырылған қаражат шегінде, жылына бір рет білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне төлеуге арналған нақты шығындарын және ай сайын тамақтану мен жатақ шығындарын ішінара жабу үшін 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әлеуметтік көмек:

      табысын есепке алмай және мамандық таңдауға шектеу қоймай, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқитын бiрiншi, екiнші топтағы мүгедек студенттерге;

      өтініш жасаған айдың алдындағы 12 айда жан басына шаққанда, Маңғыстау облысы бойынша 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен орташа табысы бар отбасылардағы келесі санаттағы студенттерге:

      ауданның мемлекеттік мекемелерінің сұраныстарына сай денсаулық сақтау, білім беру, агроөнеркәсіптік кешені, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және туризм саласындағы білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде немесе медициналық жоғарғы оқу орындарында интернатурада ("Стоматология" мамандығынан басқа) оқитын студенттерге;

      ата-анасының біреуі немесе екеуі де бірінші, екінші топтағы мүгедек немесе екеуі де зейнеткер студенттерге;

      ата-анасының біреуі қайтыс болған студенттерге;

      бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған кемінде төрт және одан да көп баласы бар отбасындағы бір студентке;

      тұл жетім немесе балалар үйінде және балалар ауылында тәрбиеленуші студенттерге көрсетіледі;

      жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары өңірлердің кадрларға қажеттілігі ескеріле отырып, талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтары бойынша жоғарғы оқу орындарында оқу үшін мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық бірыңғай тестілеу немесе талапкерлерді кешенді тестілеу нәтижелері бойынша сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізде облыс әкімінің гранты негізінде қабылданған күндізгі бөлімде оқитын студенттерге беріледі.

      7) әлеуметтік көмек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын, бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға азық-түлік өнімдерінің бағасының қымбаттауына байланысты уәкілетті органмен бекітілген тізім бойынша біржолғы 100 (жүз) мың теңге мөлшерінде көрсетіледі.

      Ескерту. 11 тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 09.06.2014 № 22/157; 02.03.2015 № 28/193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2015 № 31/210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 34/232(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.10.2016 № 5/41(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.02.2018 № 17/142(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі): 01.04.2019 № 29/239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

4. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, Орталықтың немесе өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органдар бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      Атаулы күндер мен мереке күндерге әлеуметтік көмек алуға құқығы барларға, алайда Орталық тізімінің электрондық нұсқасына қандай да бір себеппен енгізілмей қалғандарға жергілікті атқарушы орган ұсынған құжаттар негізінде қосымша тізім бекітеді.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) Алып тасталды- Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 16.03.2020 № 40/305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

      5) алушының санатын растайтын құжаттар;

      6) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын құжат және (немесе) акт;

      7) әлеуметтік көмек төлейтін уәкілетті ұйымдағы банк шоты нөмірін растайтын құжат;

      8) туу туралы куәлік және сынақ кітапшасы (жоғары оқу орындарының студенттері үшін);

      9) білім беру қызметінің келісім шарты (жоғары оқу орнындағы студенттерге) ұсынады.

      Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтың (отбасының) мүддесіне байланысты оның өздігінен хабарласа алмауының себебін көрсетіп, әлеуметтік көмек көрсету туралы хабарласа алады:

      1) отбасының ересек мүшесі;

      2) қамқоршы (сенімгер);

      3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес сенім жүктелген тұлға.

      Ескерту. 13 тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 29.06.2015 № 31/210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.03.2020 № 40/305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауыл округтың әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағиданың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жолдайды.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді

      17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      20. Арнайы комиссия құжаттар түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетіледі.

      21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы қағиданың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда, уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылдаған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      23. алып тасталды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандақ мәслихатының 03.10.2016 № 5/41 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      24. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5757 болып тіркелген) сәйкес есептеледі.

      Ескерту. 24 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 01.04.2019 № 29/239 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша, ағымдағы қаржы жылына Түпқараған ауданының бюджетімен қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеуді әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті беретін уәкілетті ұйым арқылы жүзеге асырады.

      26-1. Әлеуметтік көмек екінші дәрежелі банктер немесе сәйкес келетін банктік операциялар жасауға лицензиясы бар ұйымдар арқылы ақшалай түрде алушылардың есепшоттарына аудару арқылы ұсынылады.

      Ескерту. Шешім 26-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 03.10.2016 № 5/41 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      27. Әлеуметтік көмек:

      1) алушының қайтыс болуы;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кетуі;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық - әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберуі;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

6. Қорытынды ережелер

      29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидасына
1-ҚОСЫМША

      Отбасының тіркеу нөмірі

      Өтініш иесінің отбасының құрамы туралы мәліметтер

      _______________________________________________________________

      (өтініш иесінің Т. А. Ә.) (үйінің мекен-жайы, тел.)


р/с/

Отбасы мүшелерінің
Т. А. Ә.

Өтініш иесіне
туыстық қатынасы

Туған күні мен жылы


























      Өтініш иесінің қолы ______________________күні ______________________

      Отбасының құрамын туралы

      мәліметтерді растауға уәкілетті

      органның лауазымды

      адамның ___________ _________________

      (қолы) Т. А. Ә.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидасына
2-ҚОСЫМША

      Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның

      (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру

      АКТІСІ

      20____ ж. ____ __________________

      _________________________________

      (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің Т.А.Ә.____________________________________

      2. Тұратын мекен-жайы ________________________________________

      3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай ________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі)__________ адам, оның ішінде:

 
Т.А.Ә.

 
Туған күні

 
Өтініш беруші-ге туыс-
тық қатысы

 
Жұмыс-
пен қамты-
луы (жұмыс, оқу орны)

 
Жұмыс-
пен қамтыл-
мау
себебі

 
Қоғамдық жұмыс-
тарға қатысуы кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, білікті-
лігін арттыру) туралы мәлімет-
тер

 
Өмірлік қиын жағдай


















































      Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____________ адам.

      Балалардың саны________

      жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар

      _________адам, оқу құны жылына _______________ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушылары және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) _________________________________________________________

      5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше-көрсету керек):__________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Отбасының табысы:

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

бір айда

бір тоқсанда




















      Мыналардың:

      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) _________________

      ____________________________________________________________________

      қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) _________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      6. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):

      _____________________________________________________________________

      7. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі).

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      8. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі __________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      9. Тұратын санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы_________________

      ________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы: ___________ _______________

      (Т.А.Ә.)

      Комиссия мүшелері: ___________ _______________

      (Т.А.Ә.)

      ___________ _______________

      (Т.А.Ә.)

      ___________ _______________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Жасалған актімен таныстым:

      _______________________________________________________________________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы)

      Тексеру жүргізуден бас тартамын __________________________________ өтініш берушінің (немесе отбасының мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні

      ____________________________________________________________________ (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)


  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
Қағидасына
3-ҚОСЫМША

      Учаскелік комиссияның №________ қорытындысы

      20 __ ж. ___________________

      Учаскелік комиссия әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына сәйкес өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде

      ____________________________________________________________________

      (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

      адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.

      Комиссия төрағасы: ___________________ ___________________________

      Комиссия мүшелері: ___________________ ___________________________

      ___________________ ___________________________

      ___________________ ___________________________

      ___________________ ___________________________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Қорытынды қоса берілген құжаттармен _____дана

      20 __ ж. ____ ________________қабылданды

      Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы: ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады