Об утверждении типовых Правил внутреннего распорядка организации образования

Постановление акимата Костанайской области от 9 февраля 2015 года № 41. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 12 марта 2015 года № 5416

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 24-7) пункта 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании", акимат Костанайской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые типовые Правила внутреннего распорядка организации образования.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Аким области

Н. Садуакасов


Утверждены
постановлением акимата
от 9 февраля 2015 года
№ 41

Типовые Правила внутреннего распорядка
организации образования

1. Общие положения

      1. Настоящие типовые Правила внутреннего распорядка организации образования разработаны в соответствии с подпунктом 24-7) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" и являются основанием для разработки и утверждения Правил внутреннего распорядка организации образования.
      2. Типовые Правила внутреннего распорядка организации образования разработаны в целях обеспечения единых подходов при разработке и утверждении правил внутреннего распорядка организации образования всех форм собственности.
      3. С учетом режима деятельности организации образования (круглосуточное пребывание обучающихся и воспитанников, пребывание их в течение определенного времени, сменности учебных занятий и других особенностей работы организации образования) администрацией организации образования устанавливается режим рабочего времени и времени отдыха педагогических и других сотрудников организации образования.
      4. В целях обеспечения внутреннего распорядка администрация организации образования обеспечивает соблюдение сотрудниками, а также обучающимися и воспитанниками организации образования, обязанностей, возложенных на них законодательством Республики Казахстан в области образования и Правилами внутреннего распорядка организации образования.
 

2. Внутренний распорядок организации образования

      5. В Правилах внутреннего распорядка организации образования должны предусматриваться:
      взаимодействие администрации организации образования и педагогов с обучающимися и воспитанниками и их родителями;
      поведение участников учебно-воспитательного процесса;
      условия для получения знаний, сохранения жизни и здоровья обучающихся и воспитанников, охраны прав детей;
      условия охраны труда и техники безопасности сотрудников организаций образования;
      организация повышения профессиональной квалификации сотрудников организации;
      время начала и окончания работы организации образования, перерывы между занятиями;
      продолжительность учебных занятий обучающихся и воспитанников.
      6. Администрация организации образования обеспечивает доступность и ознакомление сотрудников, обучающихся и воспитанников, а также их родителей или других законных представителей с Правилами внутреннего распорядка организации образования.
 

Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидасын бекіту туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 41 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 наурызда № 5416 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің қоса беріліп отырған үлгі қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі

Н. Садуақасов


Әкімдіктің
2015 жылғы 9 ақпандағы
№ 41 қаулысымен бекітілген

Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидалары "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің қағидасын әзірлеу және бекіту үшін негіз болып табылады.
      2. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидасы меншіктің барлық нысандарындағы білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережесін әзірлеу мен бекіту кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
      3. Білім беру ұйымдарының қызмет режимін ескере отырып (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақытта ғана болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы және білім беру ұйымының өзге де жұмыс ерекшелігіне қарай) білім беру ұйымының әкімшілігі педагог және білім беру ұйымының өзге де қызметкерлердің жұмыс және демалыс уақытының режимін белгілейді.
      4. Ішкі тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымының әкімшілігі білім беру ұйымының қызметкерлерінің, сонымен қатар білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен және білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережесімен жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.
 

2. Білім беру ұйымының ішкі тәртібі

      5. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережесінде:
      білім беру ұйымының әкімшілігі мен педагогтерінің білім алушылармен және тәрбиеленушілермен және олардың ата-аналарымен өзара қарым-қатынасы;
      оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі;
      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайлар;
      білім беру ұйымдарының еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жағдайлары;
      ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      білім беру ұйымы жұмысының басталу және аяқталу уақыты, сабақтардың арасындағы үзілістер;
      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығы қамтылуы тиіс.
      6. Білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, сонымен қатар олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің білім беру ұйымының ішкі тәртібіне қолжетімділігін және таныстыруды қамтамасыз етеді.