"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидасын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы № 41 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5416 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жариялағанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | К. Аксакалов |