Об утверждении схемы и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Сарыкольского района

Постановление акимата Сарыкольского района Костанайской области от 29 июля 2015 года № 254. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 26 августа 2015 года № 5842. Утратило силу постановлением акимата Сарыкольского района Костанайской области от 6 октября 2015 года № 315

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Сарыкольского района Костанайской области от 06.09.2015 № 315 (вводится в действие со дня подписания).

      В соответствии с подпунктом 3-1) пункта 3 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте" акимат Сарыкольского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить схему согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Утвердить прилагаемые Правила перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Сарыкольского района.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Турабекова Е.Н.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                Э. Кузенбаев

Приложение        
к постановлению акимата 
от 29 июля 2015 года   
№ 254           

Схема

Утверждены       
постановлением акимата 
от 29 июля 2015 года  
№ 254          

Правила перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Сарыкольского района

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Сарыкольского района (далее – Правила перевозки в общеобразовательные школы детей) разработаны в соответствии с подпунктом 3-1) пункта 3 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте", постановления Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2011 года № 767 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом" (далее - Правила перевозок пассажиров и багажа).
      2. Перевозки детей осуществляются автобусами, микроавтобусами, оборудованными в соответствии с Правилами перевозок пассажиров и багажа и с предоставлением каждому ребенку отдельного места для сидения.
      3. Перевозчик, обеспечивающий перевозку детей, организовывает работу водителей в соответствии с Правилами организации труда и отдыха водителей, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2011 года № 493 "Об утверждении Правил организации труда и отдыха водителей, а также применение тахографов".
      4. Перевозки детей автомобильным транспортом осуществляются при нахождении в пути не более 4 часов и в случаях, когда невозможно организовать доставку детей другим видом транспорта.
      Автобусы, предназначенные для перевозки детей, оборудуются проблесковым маячком желтого цвета. На этих автобусах спереди и сзади устанавливаются опознавательные знаки "Перевозка детей" в виде квадрата желтого цвета с каймой красного цвета (сторона не менее двухсот пятидесяти миллиметров, ширина каймы 1/10 стороны), с черным изображением символа дорожного знака 1.21.

2. Организация перевозок детей

      5. Общее количество перевозимых в автобусе детей и взрослых не превышает количество мест, оборудованных для сидения и установленных для данного транспортного средства.
      6. Расположение сидений автобусов, выделяемых для перевозки детей, должно позволять взрослым сопровождающим со своих мест осуществлять контроль за поведением детей во время движения.
      7. Перевозка детей автобусами в период с 22.00 до 06.00 часов, а также в условиях недостаточной видимости (при тумане, снегопаде, дожде, гололеде, а также урагане и других стихийных бедствиях) не допускается.
      8. При организации перевозок в учебные заведения перевозчик совместно с местными исполнительными органами и администрацией учебных заведений, определяют маршруты и рациональные места посадки и высадки детей.
      9. Расписание движения автобусов согласовывается перевозчиком и заказчиком.
      10. На каждый автобус, осуществляющий перевозку детей, заказчик назначает ответственных лиц из числа сотрудников организации - заказчика или родителей, которые сопровождают детей до места их назначения (при осуществлении регулярных перевозок детей в школу, иные учебные заведения допускается назначать ответственными учащихся старших классов (16 и более лет), прошедших специальный инструктаж для сопровождающих).
      11. Назначенные заказчиком для сопровождения детей лица проходят специальный инструктаж по обеспечению безопасности перевозки детей автобусами.
      12. Для перевозки детей допускаются водители:
      1) в возрасте не менее двадцати пяти лет, имеющие водительское удостоверение соответствующей категории и стаж работы водителем не менее пяти лет;
      2) имеющие непрерывный стаж работы в качестве водителя автобуса не менее трех последних лет;
      3) не имевшие в течение последнего года грубых нарушений трудовой дисциплины и Правил дорожного движения, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2014 года № 1196 (далее – Правила дорожного движения).
      Стаж работы водителя в организации, которая направляет его на перевозку детей, составляет не менее трех лет.
      13. Водителю автобуса при перевозке детей не допускается:
      1) следовать со скоростью более 60 км/час;
      2) изменять маршрут следования;
      3) перевозить в салоне автобуса, в котором находятся дети, любой груз, багаж или инвентарь, кроме ручной клади и личных вещей детей;
      4) выходить из салона автобуса при наличии детей в автобусе, в том числе при посадке и высадке детей;
      5) осуществлять движение автобуса задним ходом;
      6) покидать свое место или оставлять транспортное средство, если им не приняты меры, исключающие самопроизвольное движение транспортного средства или использование его в отсутствие водителя.
      14. Сопровождающие обеспечивают надлежащий порядок среди детей во время посадки в автобус и высадки из него, при движении автобуса, во время остановок.
      15. Во время движения автобуса сопровождающие должны находиться у каждой двери автобуса. Если в автобусе находится один сопровождающий, он должен находиться у передней двери автобуса.
      16. При необходимости, связанной с обеспечением нормального состояния и здоровья перевозимых детей, водитель автобуса по указанию сопровождающего делает по пути следования незапланированные остановки.
      При выборе мест остановок и стоянок водитель руководствуется Правилами дорожного движения. Места посадки и высадки детей при остановках (стоянках) автобуса, по возможности, не должны быть расположены на участках дорог с интенсивным движением. При невозможности обеспечения указанного требования при посадке и высадке детей из автобуса включается аварийная сигнализация.
      17. Перед каждой остановкой сопровождающие объявляют время стоянки, напоминают детям о необходимости соблюдения мер безопасности, недопустимости отставания от группы и порядке действий, если ребенок отстал.
      18. По прибытии в конечный пункт маршрута автобусы ставятся на местах, отведенных для стоянки, откуда по одному подходят к месту высадки.

3. Заключение

      19. Отношения не урегулированные настоящими Правилами перевозки в общеобразовательные школы детей регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

Сарыкөл ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 254 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 тамызда № 5842 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 315 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 06.10.2015 № 315 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес схема бекітілсін.
      2. Қоса беріліп отырған Сарыкөл ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың қағидалары бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Тұрабековқа Е.Н. жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Э. Күзенбаев

Әкімдіктің       
2015 жылғы 29 шілдедегі 
№ 254 қаулысына қосымша 

Схема

Әкімдіктің          
2015 жылғы 29 шілдедегі   
№ 254 қаулысымен бекітілген 

Сарыкөл ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сарыкөл ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдау қағидалары (бұдан әрi – Балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдау қағидалары) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына, "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына (бұдан әрі – Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы) сәйкес әзірленді.
      2. Балаларды тасымалдау Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбiр балаға отыратын жеке орын берiле отырып жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысымен бекітілген Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасына сәйкес жүргізушілердің жұмысын, балаларды тасымалдауды қамтамасыз ететiн тасымалдаушы ұйымдастырады.
      4. Автомобиль көлiгiмен балаларды тасымалдау жолда 4 сағаттан артық болған кезiнде және басқа көлiк түрiмен балаларды жеткiзудi ұйымдастыру мүмкiн болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
      Балалар тасымалдауға арналған автобустар сары түсті шұғылалы шырақшамен жабдықталады. Бұл автобустардың алдына және артына "Балаларды тасымалдау" деген тану белгісі 1.21. жол белгiсiнiң рәмiзiн қара бояумен бедерлеп қызыл түстi жиектi сары түстi квадрат түрiнде (жақтары кемiнде екі жүз елу миллиметр, жиектiң енi - жақтың 1/10) орнатылады.

2. Балаларды тасымалдауды ұйымдастыру

      5. Автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердiң жалпы саны осы көлiк құралы үшiн белгiленген және отыру үшiн жабдықталған орындардың санынан аспайды.
      6. Балаларды тасымалдауға бөлiнген автобустарда орындықтардың орналасуы жол жүрген кезде оларды алып жүретiн ересектерге өздерiнiң орындарынан балалардың мiнез-құлқын бақылауға мүмкiндiк беруi тиiс.
      7. Балаларды 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейiн автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрiнiм жеткiлiксiз жағдайда (тұман, қар басу, жаңбыр, тайғақ, сондай-ақ дауыл және басқа апат жағдайлары кезiнде) жол берілмейді.
      8. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.
      9. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.
      10. Тапсырыс берушi балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып жүретiн, тапсырыс берушi-ұйым қызметкерлерiнiң немесе ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi (мектепке, өзге бiлiм беру ұйымдарына балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретiнде ерiп жүрушiлер үшiн арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын (16 жастан жоғары) белгiлеуге жол берiледi).
      11. Балаларды алып жүруi үшiн тапсырыс берушi белгiлеген адамдар балаларды автобуспен тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқама алады.
      12. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
      1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
      2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
      3) Соңғы жылдары еңбек тәртібін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын (бұдан әрі – Жол жүрісі қағидасы) өрескел бұзбаған.
      Балаларды тасымалдауға жiберген ұйымдағы жүргiзушiнiң жұмыс өтiлi үш жылдан кем болмауы тиiс.
      13. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға жол берілмейді:
      1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
      2) жүру маршрутын өзгертуге;
      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
      5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
      6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
      14. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде, аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
      15. Автобустың қозғалысы барысында ерiп жүрушiлер автобустың әрбiр есiгiнiң жанында орналасуы тиiс. Егер автобуста бiр ерiп жүрушi болса, ол автобустың алдыңғы есiгiнiң жанында орналасуы тиiс.
      16. Тасымалданатын балалардың қалыпты жағдайы мен денсаулығын қамтамасыз етуге байланысты қажеттiлiк болған кезде автобустың жүргiзушiсi ерiп жүрушiнiң нұсқауымен жол жүру барысында жоспарланбаған аялдамалар жасайды.
      Аялдама және тұрақ орындарын таңдағанда жүргiзушi Жол жүрісі қағидасын басшылыққа алуы тиiс. Автобустың аялдауы (тұрақтауы) кезiнде балаларды отырғызу және түсiру орындары, мүмкiндiгiнше, қарқынды қозғалысы бар жол учаскелерiнде орналаспауы тиiс. Аталған талапты орындау мүмкiн болмаған жағдайда балаларды автобусқа отырғызу және одан түсiру кезiнде авариялық сигнал беру iске қосылады.
      17. Ерiп жүрушiлер қауiпсiздiк шараларын сақтау қажеттiгi, топтың артында қалып қоюына жол берiлмейтiндiгi және егер бала қалып қойған жағдайда iс-қимыл тәртiбi туралы балаларға ескерте отырып, әрбiр аялдаманың алдында тұрақтау уақытын хабарлайды.
      18. Маршруттың соңғы пунктiне келгенде автобустар тұрақтау үшiн бөлiнген орындарға қойылады, ол жерден түсiру орнына бiр-бiрден келедi.

3. Қорытынды

      19. Осы Балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдау қағидаларымен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледі.