О дополнительных мерах по социальной защите в сфере занятости безработных из целевых групп населения Железинского района на 2015 год

Постановление акимата Железинского района Павлодарской области от 03 апреля 2015 года № 86/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 12 мая 2015 года № 4459. Утратило силу в связи с окончанием срока действия (письмо акимата Железинского района Павлодарской области от 19 января 2016 года № 1-16/22)

      Сноска. Утратило силу в связи с окончанием срока действия (письмо акимата Железинского района Павлодарской области от 19.01.2016 № 1-16/22).
      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", исходя из ситуации на рынке труда и имеющихся бюджетных средств, акимат Железинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить дополнительный перечень лиц, относящихся к целевым группам населения, проживающих на территории Железинского района на 2015 год:
      1) лица, длительное время не работающие (более одного года);
      2) лица, имеющие ограничение в труде по справкам врачебной консультативной комиссии;
      3) молодежь в возрасте от двадцати одного года до двадцати девяти лет;
      4) лица старше двадцати девяти лет, не имеющие трудового стажа;
      5) лица старше пятидесяти лет.
      2. Признать утратившим силу постановление акимата Железинского района от 22 ноября 2013 года № 467/10 "О дополнительных мерах по социальной защите в сфере занятости безработных из целевых групп населения Железинского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3630, опубликованное от 4 января 2014 года за № 1 в районной газете "Родные просторы", опубликованное от 4 января 2014 года за № 1 в районной газете "Туған өлке").
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района К. Абушахманов

Железин ауданы халқының нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау жөнінде 2015 жылға арналған қосымша шаралар туралы

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 03 сәуірдегі № 86/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 мамырда № 4459 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 1-16/22 хаты)

      Екерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 19.01.2016 № 1-16/22 хаты).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражаттарына байланысты Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Железин ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2015 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт (бір жылдан көп) жұмыс істемейтін адамдар;
      2) дәрiгерлiк консультативтік комиссиясының анықтамалары бойынша еңбек етуде шектеулігі бар тұлғалар;
      3) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгі жастар;
      4) еңбек өтілі жоқ, жасы жиырма тоғыз жастан асқан тұлғалар;
      5) жасы елу жастан асқан тұлғалар.
      2. Железин ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 қарашадағы "Железин ауданы халқының нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы" № 467/10 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3630 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 қаңтарда аудандық "Родные просторы" газетінің № 1 санында жарияланған, 2014 жылғы 4 қаңтарда аудандық "Туған өлке" газетінің № 1 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі К. Абушахманов