Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) бір жылдан аса жұмыс iстемеген тұлғалар;
2) дәрiгерлiк консультативтік комиссиясының анықтамалары бойынша еңбек етуде шектеулігі бар тұлғалар;
3) жиырма тоғыз жасқа дейiнгі жастағы жастар;
4) еңбек өтілі жоқ, жасы жиырма тоғыз жастан асқан тұлғалар;
5) жасы елу жастан асқан тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Абушахманов |