О повышении ставки земельного налога и ставки единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения Качирского района Павлодарской области

Решение маслихата Качирского района Павлодарской области от 02 июля 2015 года № 4/45. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 27 июля 2015 года № 4627. Утратило силу решением маслихата Качирского района Павлодарской области от 22 февраля 2016 года № 2/54

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Качирского района Павлодарской области от 22.02.2016 № 2/54.
      В соответствии с пунктом 1-1 статьи 387, пунктом 1 статьи 444 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" от 10 декабря 2008 года, подпунктом 13) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Качирский районный маслихат РЕШИЛ:
       Повысить ставки земельного налога в 7 (семь) раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли селькохозяйственного назначения Качирского района Павлодарской области.
       Повысить ставки единого земельного налога в 7 (семь) раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли селькохозяйственного назначения Качирского района Павлодарской области.
       Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по аграрным вопросам.
       Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии С. Баяндинов
      Секретарь Качирского районного маслихата С. Баяндинов

Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Качир ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2015 жылғы 02 шілдедегі № 4/45 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 шілдеде № 4627 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 ақпандағы № 2/54 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 22.02.2016 № 2/54 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 387-бабы 1-1-тармағына, 444-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Качир ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесі 7 (жеті) есе жоғарылатылсын.
       Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Качир ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі 7 (жеті) есе жоғарылатылсын.
       Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
       Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С. Баяндинов
      Качир аудандық мәслихатының хатшысы С. Баяндинов