О внесении изменений в постановление акимата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 22 января 2015 года № 19 "О создании государственного учреждения "Отдел ветеринарии Жамбылского района Северо-Казахстанской области"

Постановление акимата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 14 августа 2015 года № 248. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 7 сентября 2015 года № 3371. Утратило силу постановлением акимата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 09 февраля 2017 года № 36

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 09.02.2017 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии со статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах", акимат Жамбылского района Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 22 января 2015 года № 19 "О создании государственного учреждения "Отдел ветеринарии Жамбылского района Северо-Казахстанской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3100 от 09 февраля 2015 года, опубликовано в газете 27 февраля 2015 года "Ауыл арайы" № 9 на государственном языке, 27 февраля 2015 года "Сельская новь" № 9 на русском языке) следующее изменение:
      в Положении государственного учреждения "Отдел ветеринарии Жамбылского района Северо-Казахстанской области" (далее- Положение), утвержденном указанным постановлением:
       подпункт 9) пункта 16 Положения изложить в следующей редакции:
      "9) вносить предложение в местный исполнительный орган о принятии решения об установлении карантина или ограничительных мероприятий по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории в случае возникновения заразных болезней животных на территории района (города областного значения);";
       подпункт 10) пункта 16 Положения изложить в следующей редакции:
      "10) вносить предложение в местный исполнительный орган о принятии решения о снятии ограничительных мероприятий или карантина по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории после проведения комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации очагов заразных болезней животных на территории района (города областного значения);".
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на курирующего заместителя акима района.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Жамбылского района
Северо-Казахстанской области
И.Турков

"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 қаңтардағы № 19 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 248 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 қыркүйекте N 3371 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 09 ақпандағы № 36 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 09.02.2017 № 36 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 қаңтардағы № 19 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде 2015 жылдың 09 ақпанында 3100 нөмірімен тіркелді, "Ауыл арайы" газетінің 2015 жылдың 27 ақпанындағы 9 нөмірінде мемлекеттік тілде, "Сельская новь" газетінің 2015 жылдың 27 ақпанындағы 9 нөмірінде орыс тілінде жарияланды) келесі өзгертулер енгізілсін:
      осы нұсқалған қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіндегі (ілгеріде-Ереже):
      Ереженің 16-тармағы 9) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "9) жергілікті атқарушы органдарға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау туралы ұсыныс енгізу;";
      Ереженің 16-тармағы 10) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "10) жергілікті атқарушы органдарға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы ұсыныс енгізу;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің басшылық ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданының әкімі
И. Турков