"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 ақпанда N 3100 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 182 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 03.08.2017 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабы 1-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы 18-бабы 7) және 8) тармақшаларының, "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданын басқару сызбасы туралы" Жамбыл аудандық мәслихаттың 2015 жылдың 21 қаңтарындағы № 35/2 шешімі негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
      2. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 09.02.2017 № 36 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкім аппаратының басшысы Е.М. Пестоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі И. Турков

  Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 қантардағы № 19 қаулысымен бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереженің күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 09.02.2017 № 36 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ветеринария саласына басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы - "Жамбыл ауданының ветеринарлық станциясы" ШЖҚ МҚК
      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада бекітілген тәртіппен "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін және Қазақстан Республикасының заңнамасында қаралған басқа да актілермен шешімдер қабылдайды.
      8. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150600, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка селосы, Дружба көшесі, 6.
      10. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілде толық атауы - "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде- государственное учреждение "Отдел ветеринарии Жамбылского района Северо-Казахстанской области".
      11. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
      12. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер, "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметінің пәні, мақсаттары, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің пәні – аудан аумағында ветеринария және ветеринарлық-санитарлық қызметті қамтамасыз етеді.
      15. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
      2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) аумақты басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
      5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
      6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
      7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
      8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
      9) ветеринария саласында заңдылықты сақтауды мемлекеттік ветеринарлық- санитарлық бақылау.
      16. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес оған жүктелген міндеттермен келесі функцияларды жүзеге асырады:
      1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      9) жергілікті атқарушы органдарға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау туралы ұсыныс енгізу;
      10) жергілікті атқарушы органдарға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы ұсыныс енгізу;
      11) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      13) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      14) эпизоотологиялық зерттеп- қарау актісін беру;
      15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      16) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      19) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
      20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті, атқарушы органына ақпарат беру;
      22) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      23) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      24) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      25) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      26) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық- санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      27) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      28) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
      29) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 14.08.2015 N 248 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16.1 "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария станциясы" ШЖҚ МҚК функциялары:
      жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс- шаралар жүргізуді;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
      ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
      жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
      құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;
      қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
      ветеринариялық анықтама беруді;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
      биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
      ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді;
      17. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен орнатылған тәртіпте:
      1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттарды, материалдарды сұрауға және алуға;
      2) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруші заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар, егер, олар ветеринарлық-заң ережелерін және нормативтерді бұзған жағдайда лицензияларын кейін қайтаруға бастамшы болу қажет;
      3) белгіленген тәртіпте төтенше эпизоотикаға қарсы комиссия құру туралы ұсыныс жасау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ветеринария саласына кедергісіз (қызметтік куәлігін көрсете отырып) баруға, сонымен қатар, ветеринария саласында жеке және заңды тұлғалардың қызметтері туралы ақпарат алуға;
      5) мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау объектілерінің сынамасына іріктеу немесе оларға зерттеу жүргізуді өткізу мерзіміне мүдделі тұлғаларға хабарлай отырып ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу;
      6) мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау жүргізу;
      7) ветеринарлық құжаттарды беру;
      8) Заңмен ұсынылған, өкілеттігі шегінде актілерді шығару;
      9) аумақта ветеринарлық-санитарлық жақсы жағдайларды анықтаған кезде, сонымен қатар, жағдайы нашар пункттерде әкелінетін (тасымалданатын) объектілерде, мал мен адамдардың денсаулығы үшін қауіпті ауруларды зарарсыздандырғанда немесе өңдегенле, нұсқалған фактілер туралы денсаулық сақтау саласының уәкілетті мемлекеттік органына хабарлауы қажет.
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда сотқа талаппен жүгіну қажет;
      18. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген заңнама тәртібімен міндетті:
      1) заңмен орнатылған мерзімде жеке тұлғалардың және заңды тұлға өкілдерінің өтініштерін, прокурорлық іс-әрекеттердің актілерін, өз құзыреттілігінің мәселелері бойынша сұраныстарды қарауға міндетті.
      2) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамадан басқа да міндеттер жүктелуі мүмкін.

3. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      19. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырады.
      20. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
      21. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы жеткізілген штаттық саннын лимитіне сәйкес орынбасары болуы мүмкін.
      22. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі жалпы жетекшілігін іске асырады; "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      2) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін материалдық- техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз етеді, ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық қызметін ұйымдастырады;
      3) қаражатты мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
      4) атқарушы және еңбек тәртібін сақтауды бақылайды;
      5) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында және жүктелген тапсырмаларды орындауда мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
      6) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, қызметкерлерін марапаттау және қосымша ақы төлеу мәселелерін шешеді;
      7) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өз құзыры шегіндегі аудан әкімінің, әкімдіктің құқықтық актілердің, нормативтік-құқықтық актілердің жобасын дайындауды ұйымдастырады;
      8) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің уәкілеттілігін және міндеттерін анықтайды;
      9) өз құзырына жататын еңбек қатынастарының сұрақтарын шешеді, "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      10) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және марапаттау мәселелерін шешеді;
      11) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды;
      12) басқа ұйымдарда және барлық мемлекеттік органдарда "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан жүреді;
      13) әйелдер мен ерлердің тең құқықты және тең мүмкіндіктеріне мемлекетті кепілдік туралы заңнаманы сақталуын қамтамасыз етеді;
      14) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауларына жеке дара жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шаралар қабылдайды;
      15) заңнамамен сәйкес басқа өкілеттіліктерді де іске асырады.
      "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлігі

      23. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Заңды тұлға және уәкілетті орган арасындағы қарым-қатынас

      26. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және уәкілетті органы "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі" болып табылады.
      Құрылтайшының мекен-жайы: индексі 150600, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Преснов селосы, Дружба көшесі, 10
      Құрылтайшы "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдерді қабылдайды, Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, бекітеді.

6. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі

      27. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына қарсы болмауы тиіс.

7. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      28. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Бөлімнің басқаруындағы ұйымдардың тізбесі:
      "Жамбыл ауданының ветеринарлық станциясы" ШЖҚ МҚК

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады